ШӘРIП ОМАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ШӘРIП ОМАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

ШӘРIП ОМАРОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ
ашық дереккөзі
503

Алматы қаласы әкiмдiгi Тiлдердi дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Мемлекет және қоғам қайраткерi Шәрiп Омаровтың есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында қайраткердiң соңғы жылдары тұрған үйiне ескеркiш тақта орнатты.

Шараға Астана және Алматы қалаларының зиялы қауым өкiлдерi, мәдениет, өнер, спорт қайраткерлерi және туыстары қатысты.

Шәрiп Омарұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Тамды елдi мекенiнде дүниеге келген. Ол мемлекеттiк қызметке ерте араласып, жауапты және басшылық қызметтерiн абыроймен атқарған. Ол ҚР Жастар iстерi жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары, "Қазақстан" телерадио компаниясы төрағасының бiрiншi орынбасары сияқты қызметтерде де өзiн кәсiби маман ретiнде көрсете бiлдi. 1994-1995 жылдары Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары болды. Сондай-ақ, ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң екi бiрдей шақырылымының депутаты және Парламенттегi Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiн басқарды. 2004 жылдан бастап Қазақстанның Чех және Словакия Республикаларындағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi қызметiн атқарды. Ол сонымен қатар, атақты "Дос-Мұқасан" тобының әншiсi болып қана қоймай, республикадағы футболдың дамуына өлшеусiз еңбек еттi. Қазақстандағы футбол ардагерлерi федерациясының және "Жеңiс" спорт клубының президентi болды.

Шәрiп Омаровтың қажырлы еңбегi Үкiмет тарапынан жоғары бағаланып "Парасат", "Ынтымақтастық" ордендерiмен, "Қажырлы еңбегi үшiн" және тағы басқа көптеген медальдармен марапатталды.

Маржан КЕҢЕСБАЙ

29.09.2011

Серіктес жаңалықтары