БАЛА МЕН ПАРА

БАЛА МЕН ПАРА

БАЛА МЕН ПАРА
ашық дереккөзі
172

Бiлiм саласындағы жемқорлықтың тамыры тереңге кеткелi қашан. Әзiрге оған балта шабу тек арманға айналатын сияқты. Әйтеуiр министрлiк болып, жергiлiктi билiк болып, маңызды шаруаларды қағаз жүзiнде талқылап, тарқасқанымен көз алдымыздағы жағдай басқаша өрбiп жатады.

Қазiргi кезде Алматы қаласында балаңды балабақшаға немесе сапалы бiлiм беретiн мектепке орналастыру қиынның қиыны. Балабақшада не орын болмайды, не тұрған кезегiң жылжымайды. Неге? Себебi түсiнiктi де. Бiрде ұзақ уақыт үзiлiстен соң жұмыс тапқан құрбым екi қызын балабақшаға орналастырғысы келiп, мектепке дейiнгi тәрбие беретiн бесалты мекемеге бас сұқты. Басқа амалы да қалмаған. Аудандық бiлiм бөлiмi талай рет кезегiнiң сол күйi сiресiп тұрғанын айтып, шығарып салған. Сөйтсе, кейбiр пысықайлар ондағы мамандарға сұрағанын берiп, кезегiн әпсәтте алға сырғытып, жолдамасына қол жеткiзедi екен. Аңқау құрбым оны қайдан бiлсiн, «кезегiң жылжыған жоқ» дегенге сенiп жүре берген. Ол ендi тiкелей балабақша меңгерушiлерiмен сөйлесудi жөн деп тапты. Бiрақ бәрi де ауыздарын арандай ашыпты. Тiптi, ақшаға құныққан бiреуi 500 АҚШ долларынан 1000 АҚШ долларына дейiн беруiн ашық айтқан. Өзi жұмысқа жаңадан ғана орналасып жатқанын шамашарқынша түсiндiрген құрбым 100 мың теңгеге әрең көндiрiптi. Әрине, мұндай қомақты ақшаны қалтасына басып отырған балабақша меңгерушiсiнiң атын атап, түсiн түстеп жазуға да болар едi. Бiрақ атаананың өтiнiшiнен аса алмадық.

Мiне, баланы оқуға түсiруден бұрын балабақшаға орналастыру қиын ба дерсiң. Сонда балабақша меңгерушiсi өз бетiмен келген атаананың әрқайсысынан 500 доллардан алса, ең бай, бақуатты өмiр сүретiн де солар болғаны ма?! Тап осындай мысалды қаладағы кейбiр материалдық базасы толықтай жабдықталған, «Алтын белгi» иелерi көптеп шығатын мектептерден де кездестiресiз. Мұндай бiлiм ұяларына да балаңды орналастыру бiраз тер төгудi қажет ететiндiгi айтпаса да түсiнiктi.

Әрине, баланың саны көп болып, кейде белгiленген межеден асып кетiп жатса да, оған қарап жатқан ешкiм жоқ. Бұл – бiрiншiден, заңсыздық. Екiншiден, жергiлiктi Бiлiм бөлiмi, Алматы қалалық Бiлiм басқармасы мұны бiлмеуi мүмкiн емес. Үшiншiден, алып мегаполисте балабақша жетiспеушiлiгi мәселесiн шешуге келгенде әлi күнге кейiнге тартып жататынымыз жанға батады. Бұл қаладағы жас отбасылардың бала тууға деген құлшынысына едәуiр салқынын тигiзетiнi жасырын емес. Айталық, 2009 жылға дейiн Алматы қаласында бiрдебiр балабақша салынбаған екен. Балабақшаға деген сұраныстың жылданжылға артқанына көз жеткiзгеннен кейiн ғана қимылдаған қала әкiмдiгi 2009 жылдан 2011 жылдың бiрiншi жарты жылдығына дейiн 2050 орындық 10 балабақшаны пайдалануға бердi. Одан бөлек кезiнде жалға берiлген 680 орындық 4 балабақша мемлекет есебiне қайтарылды. 46 жеке балабақша салынды. Қазiргi кезде қалада 40 мың 850 баланы қамтыған 215 балабақша жұмыс iстейдi. Бiрақ та мұның өзi 1,5 млн.дай тұрғыны бар Алматы қаласы үшiн жеткiлiксiз болып отыр.

Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов 2011–2012 жылдардағы негiзгi шешiмiн табуы тиiс мәселелерге тоқталғанда: «Ең алдымен, бiлiм мекемелерiндегi орын жетiспеушiлiгiнiң алдын алуымыз керек. Ол үшiн 8 балабақша құрылысының жұмысын аяқтап, 2 мектепке дейiнгi мекеменi қайтару, сонымен қатар 1710 баланы қамтуға тиiс 5 жекеменшiк балабақшаны, 10 мың 80 орынды 9 мектеп пен 720 орынды кәсiптiк лицей құрылысын сәтiмен аяқтауымыз керек. Екiншiден, бiлiм мекемелерiнiң оқу материалдық базаларын нығайтуымыз қажет. Үшiншiден, бiлiм сапасын арттыру үшiн озық технологияларды отандық жүйеге енгiзiп, ақпараттық технологияны меңгерген мамандар етiп тәрбиелеуiмiз керек» деген болатын.

Бiлiм саласының эксминистрi Жансейiт Түймебаевтың кезiнде мектепте, балабақшада ақша жинауға қатаң тыйым салынған болатын. Осы бұйрық күшiне мiнгенде жемқорлық жайлаған бiлiм мекемелерi кәдiмгiдей тазарып қалып едi. Тiптi, министрлiктiң ақша жинауға тыйым салғанын ақпарат құралдарынан естiпбiлген атаана да ақша сұраған мұғалiмге осы бұйрықты алға тартып келдi. Алайда, соңғы кезде ескi әдет қайта белең алған сияқты. Әйтеуiр мектеп қорына ақша жинау процесi қайта жандана бастады. Қазiр ұстаз қауымы да ақша жинаудың басқаша әдiсiне көшкен. «Сыныпқа мынандай заттар керек. 2 жарым мың теңгеден жинасаңыздар жетедi. Бiрақ ешқайсыңызды қинамаймын. Бәрi де балаларыңыз үшiн…» деп қысқа қайырады. Әрине, атаананың көңiлiне «бәрi де балаларыңыз үшiн» деген сөз ұялап алғаннан кейiн сұрағанын суырып беруге дайын.

Негiзi жаңа оқу жылында қаладағы әр мектепке Алматы қалалық Бiлiм басқармасы тарапынан ақша бөлiнедi. Яғни мемлекеттiк мекеме болып табылатын әр мектептiң өз бюджетi бар. Ол бәлкiм, мектептiң орналасқан ауданына қарайды ма, әлде бала санының азкөптiгiне байланысты ма, ол жағы белгiсiз. Тiптi, бiлiм ұясына жыл басында қанша қаржының көзделгенiн тек Бiлiм басқармасы және мектеп директоры мен оның орынбасарлары ғана бiлетiн сияқты. Бiрақ та жаңа оқу жылы қарсаңында бiлiм мекемелерiнiң бюджетiне қатысты нақты мәлiмет жергiлiктi ақпарат құралдарынан айтылған емес. Атаананың көзiн ашып, «мектептi керекжарақпен қамтамасыз ету бiздiң мойнымызда. Ол үшiн жыл сайын мынандай ақша бөлiнедi. Атааналар ешқандай да ақша бермесiн» деп айтуға Бiлiм басқармасы бастығының өзi құлықсыз сияқты. Нелiктен бұл мәлiметтi жария ету құпия сақталуда?

Жасыратын несi бар, Бiлiм және ғылым министрiнiң блогын ашып қарасаңыз, қарапайым мұғалiмдер, атааналар мектеп басшысының үстiнен түрлi арызшағымдар түсiрiп жатады. Әрине олар әбден ашынғаннан кейiн ғана министрге жүгiнуге мәжбүр болуда. Жақында Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң ресми сайтынан Қуандық деген азаматтың жазған хаты жарияланды. Хатты сөзбесөз бергендi жөн көрдiк.

«Қадiрлi Алматы қаласының әкiмi Есiмов Ахметжан мырзаға. Халқымыздың ең көп жиналған Алматы қаласына жаны ашитын басшы Сiздiң келгенiңiздi көргенде барлық ұстаздар қауымы, әсiресе алматылық мұғалiмдер қатты қуанып едiк. Себебi бiз Сiздi Елбасының адал серiктесi оның халық үшiн жасап жатқан жақсылықтарын қолдаушы ретiнде бiлетiн едiк. Дәл қазiр Президентiмiзге деген адал сезiмiмiзге қылау түсiрiп отырған жағдай бар. Бұл бiлiм жүйесiндегi басшыларды тағайындаудағы орны толмас қателiктер. Көптеген жерлерде педагогтық бiлiмi жоқ адамдар мектеп басқарып отырса «Көз қысты, бармақ басты» кебiмен кейбiр облыстық, қалалық бiлiм басқармаларында басқару тәжiрибеден жұрдай адамдар отыр. Соның бiрi Алматы қаласы бiлiм басқармасының бастығы Рахат Шимашева. Бұл кiсi бiлiм басқармасына келгелi берi бiлiм нәтижесiнiң барлығы күрт төмендеп кетттi. Мәселен, ол кiсi басқарған үш жылдың iшiнде бiр де бiр рет коллегия өткiзiлмедi. Үш жыл қатарынан Бiлiм басқармасының жылдық жоспарынан да бейхабармыз. Бұрынғы басшының тұсында ай сайынғы iсшарадан тiптi бiз сияқты қарапайым мұғалiмдер хабардар едiк. Бiлiм департаментiнiң басқару саясаты қорқыту мен үркiтуден аспайды. Шимашеваның тұсында Алматының бiлiмiн асқақтатқан ондаған мектеп директорлары жұмыстан қуылды. Ондағы себеп шындықты тура айтқандықтары мен бұрынғы басшы Есiмбаеваның, яғни «депутаттың» адамысың деген желеу. Ол сұмдық бiр бөлек, жаңадан босаған директорлардың орнына адамдармен жұмыс iстеу бiлмейтiн өзi сықылды дөрекi адамдарды тағайындауы. Оған дәлелдiң бiрi ретiнде мәселесi КТК телеарнасынан түспей жүрген Бостандық ауданындағы № 45 мектеп басшысы және де Жетiсу, Алмалы аудандарының Бiлiм бөлiмiнiң басшылары. Мұғалiмдер қаншама рет құзырлы орындарға шағымданғанымен ешкiм бiрдебiр шара қолданбақ түгiлi құлақ аспады да. Бұл кiсiнiң адамды менсiнбеушiлiгi мен мәдениетсiздiгiнде шек жоқ. Қарапайым мұғалiмдi адам санатына жатқызбайтыны бiр бөлек, мектеп директорларын былай қойғанда көзiмiзше аудандық бiлiм бөлiмiнiң қызметкерлерiн жерден алып, жерге салғандығын көрiп жүрмiз».

Бұл хатқа алыпқосарымыз жоқ. Бiр айта кетерлiгi, әкiм қатардағы мұғалiмнiң көңiлiн күптi еткен сұрағына жауап қатпапты.

Елiмiз тәуелсiздiк алғалы бiлiм саласын 11 министр басқарыпты. Қазiргi министр Бақытжан Жұмағұлов 12 шi болып тiзгiндi алып отыр. Ұстаз қауымы да, былайғы жұрт та ұрпақтың бiлiмдi болуына алаңдап, әуелгi кезекте осы саланың басшысына үлкен сенiм артады. Алайда Бiлiм және ғылым министрi қызметiн атқарған 12 министрдiң iшiнде қазақтың мүддесiне сай жұмыс iстегенi саусақпен санарлық. Олар – Шәмша Беркiнбаева мен Жақсыбек Құлекеев. Мұны мұғалiмдер қауымы айтады. Бiлiм саласында басты реформатор деген атқа ие болған Ж. Құлекеев мемлекеттiк гранттың үлес салмағын тұңғыш рет 60х40 етiп өзгертуi үлкен жетiстiк едi. Алайда, одан кейiн мұны қолға алған ешкiм болмады. Оның сондайақ өзге тiлдi мектептерде мемлекеттiк тiлдi енгiзу мен оның сағатын көбейту үшiн де бiраз тер төккенiн дүйiм жұрт бiледi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк грант санын көбейту былай тұрсын, аралас мектептердi қазақ мектебiне айналдыру iсiн де кейiнге қалдырып келемiз. Алматы қаласында 2009–2010 оқу жылы бойынша 181 мектептiң 48 i қазақ, 76 сы орыс, ал 54 i аралас мектеп болған. Тәуелсiздiк алғанымызға 20 жылға аяқ басса да, әлi күнге қазақ тiлiнде бiлiм беретiн мектеп тапшылық тудыруда. Есесiне қазақ отбасының балалары орыс немесе аралас мектепте бiлiм алуға мәжбүр. Аралас мектептi бiртiндеп қазақ мектебiне айналдыруға не кедергi екенi тағы да беймәлiм. Сорақысы сол, елiмiздiң кейбiр өңiрлерiнде қазақ мектебiн әрең табасыз. Мәселен, Павлодардағы 40 мектептiң төртеуi, Қостанайдағы 36 мектептiң жетеуi, Темiртаудағы 31 мектептiң тек екеуi ғана қазақ тiлiнде бiлiм бередi. Ал шын мәнiнде қазақ мектебiнде бiлiм деңгейi төмен деген сөз жаңсақ. Мәселен, биылғы тестiлеу нәтижесi бойынша қазақ тiлiнде бiлiм алғандардың орташа көрсеткiшi 87,02 балға тең болса, орыс тiлiндегiлердiң орташа балы 85,99 ды көрсеткен. Оны аз десеңiз, қазiргi кезде халықаралық олимпиадаларда елiмiздiң атын асқақтатып жүрген оқушылардың 73 пайызы қазақ мектебiнде бiлiм алып жүр.

Толқын Жақаева, № 13 көпсалалы гимназияның қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi:

– Жоғары санаттағы мұғалiммiн. Еңбек өтiлiм – 38 жыл. Осы айда бiзге баржоғы 20 мың теңгеден сыйақы бердi. Ал қыркүйек айында ештеңе қосқан жоқ. Қыркүйекте 18 сағат сабақ бердiм. Оған қосымша дәптер тексергенiм бар, кабинетiм бар. Соның бәрiн есептегенде қолыма таза 61 мың теңге алдым. Бiз жалақыны екi есе алатын болдық деп қуанып едiк. Қазан айында жоғары санаттағы ұстаздарға 17 мың теңге қосылады дедi. Яғни әр мұғалiм өз разрядына қарай алады. Бiреуi 17 мың, ендi бiрi 15 мың үстеме алады. Бұл үстеменi қыркүйекте алған 61 мың теңгеге қосқанның өзiнде 80 мың теңгенiң айналасында ғана шығады.

Қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi болғандықтан да күн сайын дәптер тексеремiн. Одан кейiн оқушылар әдебиеттен үнемi жазба жұмыстар жасайды. Оны да тексеремiз. Сондағы айлыққа ай сайын қосатыны 2 мың теңгеге жетержетпес ғана. Айтпақшы, бiзде қуанышты жаңалық бар. Биылғы жылы 10 сыныпта орыс сыныбы жоқ. Алла бұйырса, келесi жылдан бастап таза қазақ мектебi болатын түрiмiз бар. Сол үшiн қазақтiлдi сыныптарға бала жинап жатырмыз. Ал, мұғалiмдерге ауыз толтырып айтарлықтай жағдай толық жасалмай келедi. Әлi де үмiтiмiз зор.

Ұлжан Қожамбердiқызы, А.Қарсақбаев атындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп мұғалiмi:

– Өзiм қала әкiмiнiң тарапынан берiлетiн «Ең үздiк мұғалiм» деген атағым бар. Оған бiр жыл бойында 50 пайыз ақша үстеме төлейдi. Сосын оған ғылыми дәрежем де қосылады. Әйтпесе менiң жалақым да басқа мұғалiмдердiкi сияқты 60–70 мың теңге.

Қазiр қоғамда не жетiспейдi? Бiзде бәрi бар. Тек ғана бiлiм жетiспейдi. Өкiнiшке қарай, мұғалiмдер арасында тәжiрибелiлер азайып барады. Жаңа технология заманына сай жаңа оқушыны көрiп отырғам жоқ. Соған жүрегiм ауырады. Балалардың психологиясын түсiне алмай, жүрегiне жол таба алмай жатамыз. Бүгiнгi баламен кешегi заманның баласын салыстыра алмайсың. Соған сай ұстаз керек. Бiрақ еңбектi аз iстеп, ақшаны көп сұрап отырмыз. Бiзге халықпен жұмыс iстей алатын басшы керек. Мектеп басқаратын адамның деңгейi жоғары болу қажет. Оқушы болмаса, бiз жалақыны қайдан аламыз? Атаанаға рахмет айтамыз. Бiрақ ол байғұстар әр мұғалiмге ақша бередi. Одан кейiн әр мейрам сайын жасайтын сыйсияпаты бар, тiптi мектепке баланы орналастыратыны бар, оның бәрi ақша. Қазiргi заманның нағыз есiрткiсi – ақша жинау. Тiптi ақша iшiнара емес, жаппай жиналады.

Ернар Мәсәлiм, Иштуан Қоңыр Мандоки атындағы № 154 мектеп директоры:

– Мұғалiмдер қыркүйек айының жалақысын алды. Оның өзi тарификацияның мерзiмiне байланысты аванс ретiнде берiлдi. Бiрақ бiзге «ақшаның бәрi төленедi» деп айтты. Осы аптада ғана қала әкiмiнiң атынан ресми құжат келiп түстi. Демек жақын арада мұғалiмнiң жалақысы өседi деген сөз. Ал ақша жинауға келсек, атааналардың iшiнде өз еркiмен көмек көрсетiп жататындары болады. Бiрақ бiз түптамырымен тыйым салып келемiз. Бiлiм басқармасының басшысын директор кезiнен бiлем. Бiлiктi, жұмысына тиянақты маман. Ал қалада қаншама мұғалiм бар. Елдiң бәрiне жаға бермеуi мүмкiн.

13.10.2011

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары