БАРША АДАМFА ЖЫЛУ БЕРГЕН

БАРША АДАМFА ЖЫЛУ БЕРГЕН

БАРША АДАМFА ЖЫЛУ БЕРГЕН
ашық дереккөзі
218

Өткен жылы белгiлi спорт саңлағы, балуанымыз Жақсылық Үшкемпiров өзiнiң алпыс жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты, Мыңбаев ауылын көгiлдiр отынмен қамтамасыз еткен едi. Осы уақытқа дейiн газсыз өмiр сүрiп келген Мыңбаев тұрғындары газбен қамтамасыз еткен балуан Жақсылық Үшкемпiров мырзаға да, "Тәуекел" ЖШС-нiң басшысы Молдияр Нұрбаевқа да өз ризашылықтарын бiлдiрген болатын.

Қоңыр күздiң алғашқы айы да аяқталуға тақап қалды. Күз басталса болды, ел арасында жылыту маусымына дайындық қызу жүргiзiле бастайтыны белгiлi. Алматы қаласының маңындағы кейбiр елдiмекендерде көгiлдiр отынсыз отырған ауылдар әлi жетерлiк. Өткен жылы ғана мыңбаевтықтар көгiлдiр отынға ие болса, биылғы жылы "Шиен" ауылдық округi де газға қол жеткiздi.

Республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен келген жұртшылықтың қоныстанатын жерi де Алматы маңындағы ауылдар. "Қыстың қамын жаз ойлайтын" жергiлiктi тұрғындар үшiн жаз мезгiлi оншалықты қиындық тудырмаса да, қым мезгiлiнде жылусыз отыра алмасы белгiлi. Көгiлдiр отынды үйге кiргiзу де оңай шаруа емес. Газ құбырын тарту, оны үйге кiргiзу жұмыстарына аз шығын кетпейтiнi де тағы белгiлi. Өзге ауылдарды қайдам, Алматының iргесiндегi бес ауылдық округтi газбен қамтамасыз етiп отырған "Тәуекел" газ шаруашылығының жасап отырған еңбегi қыруар деп айтуға болады "Тәуекел газ шаруашылығы" ЖШС 2001 жылы құрылған екен. Алғаш құрылған кезде бар-жоғы төрт-ақ қызметкерi болыпты. Төрт адаммен басталған жұмыс қазiр өзiнiң нәтижесiн көрсетiп отыр. Бүгiнде "Тәуекел газ шаруашылығы" ЖШС-де 300-ге жуық қызметкер бар. Бүгiнде осы компанияға еншiлес "Тау самалы", "Алғабас", "Жетiсу", "Береке" ЖШС-терi ашылды. Аталмыш компания Қарасай ауданының бес ауылдық округiн көгiлдiр отынмен қамтамасыз ету үшiн күнi-түнi еңбек етуде.

11 жыл бойы қызмет етiп келе жатқан "Тәуекел" газ шаруашылығы" ЖШС жергiлiктi тұрғындардың ыстық ықыласы мен iлтипатына бөленiп жүр. Аталмыш газ шаруашылығының басшысы Нұрбаев Молдияр ағаның өзiне қойған принциптерiнiң бiрi – қал-хадерiнше көмек қажет еткен отбасыларға жәрдемдесу. Олардың қатарында: көп балалы аналар, әлеуметтiк жағдайы сын көтермейтiн отбасылар, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi де бар. Шалғайдағы ауылдарға көгiлдiр отынды тасымалдау да оңай шаруа емес. Бұрынырақта 219 мың теңге тұратын газ кiргiзудiң құны биыл 319 мың теңгенi құрап отыр. Сонымен бiрге, мешiттер мен әлеуметтiк мекемелерге газ тасымалдау және кiргiзу тегiн жүргiзiледi екен.

Газ шаруашылығында бiраздан берi еңбек етiп жүрген Аралбай Қыдырбайұлы газды ауыл-ауылдарға жеткiзу оңай шаруа емес екендiгiн айтады. Қазiр Жамбыл ауданы бүтiндей газбен қамтамасыз етiлген. Одан бөлек, Талғар ауданына да газ тасымалдау және кiргiзу жоспарға алынған. "Барша адамға жылу беру – бiздiң басты мақсатымыз. Алғашында жұмысты 4 адам боп бастасақ, қазiр 300 адамды жұмыспен қамтып отырған жайымыз бар. Республика бойынша алғашқы әрi жалғыз, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк болып құрылған шаруашылық жеке өз қаржысымен жұмыс iстеп келе жатқан iрi газ тасымалдау компаниясына айналып отырмыз", – дейдi "Тәуекел газ шаруашылығына" қарасты еншiлес "Тау самалы" ЖШС-нiң атқарушы директоры Аралбай Қыдырбайұлы.

Қиын-қыстау кезеңде құрылса да, бүгiнде iрi газ тасымалдау компаниясына айналған "Тәуекел газ шаруашылығы" Нұрбаев Молдияр ағаның тiкелей жеңiсi. Мемлекеттiк газ тарту мекемелерi болса да, Алматы маңындағы ауылдарға көгiлдiр отын жеткiзу мәселелерi ушығып тұрған уақытта, "АлматыГаз"-дан бөлiнiп шығып, жеке компаниясын құрған Молдияр аға талай қиындықтарды да бастан өткiздi. Бүгiнде еңбегi еленiп, ел алғысына бөленуiмен қатар, мемлекет тарапынан да құрметтi марапаттарға ие болған жан. Былтырғы жылы тәуелсiздiк мерекесi қарсаңында Президенттiң Құрмет орденiмен марапатталды. Өмiрi көгiлдiр отын жеткiзiлмеген аймақтар бүгiнде "Тәуекел газ шаруашылығының" арқасында газбен қамтылып, қолдарын жылы суға малып отыр.

Алда әлi де қолға алған мақсаттар жоқ емес. "Тәуекелдiң" тәуекелге бет бұрған нағыз дер шағы. Игiлiктi бастаманы қолға алған "Тәуекелдiктер" атқарар қыруар шаруа әлi алда. Қазақстанның газ тасымалдау iсiнiң бiр шетiнде жүрген аталмыш компания елiмiздiң экономикасына да елеулi үлесiн қосып отыр.

22.09.2011

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары