12 қыркүйек белгiлi қоғам, мемлекет қайраткерi марқұм Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫНЫҢ туған күнi. Соған байланысты Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қордың ұйымдастыруымен бильярдтан кезектi турнир өткiзiлдi. Турнирге республиканың баспасөз қызметкерлерi, ақын-жазушылары қатысты. Жеңiмпаздарға бағалы сыйлықтар берiлдi.
Марқұмның достары жыл сайын еске алу шараларын өткiзiп келедi. Бұл сайыста жазушы, журналист, қоғам қайраткерлерiнен құралған 40 ойыншы бақ сынады. Нәтижесiнде, жүлделi 1-орынды ақын Жанарбек Әшiмжан, 2-орынды Iлияс Сәрсенов, 3-орынды Ибрагим Исаев, 4-орынды Аманжол Рысбеков сынды азаматтар қанжығасына байлады. Бiр айта кетерлiгi, турнирдiң қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етiлдi. Турнир соңынан жиналған жұртқа ас берiлiп, Алтынбек Сәрсенбайұлын достары: "Аман болғанда, қазiр 49-ға келер едi" деп еске алды. Қазақстанның белгiлi қоғам, мемлекет, саяси қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген.
Маржан КЕҢЕСБАЙ