Қазақтың iзгi идеясы

Қазақтың iзгi идеясы

Қазақтың iзгi идеясы
ашық дереккөзі
204

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығына орай лидерлiк дәрiстер бағдарламасы бойынша белгiлi тұлғаларды шақырып, лекция оқытуды бастап кеттi.Философия және саясаттану факультетiнде, дiнтану және мәдениеттану кафедраcының ұйымдастыруымен Сенат депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есiм "Қазақтың ренессанс ғасыры (Қазiргi заман құндылықтары туралы)" атты тақырыпта, келесi күнi ҚР Мәдениет вице-министрi, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев "Әлеуметтiк модернизация контексiндегi Қазақстан Республикасының мәдениеттiк саясаты" атты тақырыпта лекция оқыды.

Профессор Ғарифолла Есiм:"Тәуелсiздiк алғалы, бiрiншiден – еркiндiкке қол жеткiздiк, екiншiден – атеистiктен арылып, дiнiмiзге бет бұрдық, үшiншiден – цензурадан азат болдық, – деп бастады әңгiмесiн. Дiнсiз, мәдениетсiз қоғам ешқашан алға баспайды. Өз тарихын ұмытқан қоғамның болашағы болмайды. Тәуелсiздiк – қазақ үшiн қастерлi, қасиеттi ұғым. Қазақтың Ренессанс ғасыры –iзгi идея. Бұл дегенiмiз – ел дамуын көздеген идея", – дедi.

Ғазиз Телебаев: "Мәдени мұра мемлекеттiк бағдарлама аясында қазақ елiнiң мәдени мұрасын жинақтау мақсатында шет мемлекеттерге Ресей, Қытай, Иран және т.б. елдерге ғылыми экспедициялар жiберiлдi. Сонымен қатар, "Қазақтың 1000 әнi", "Қазақтың 1000 күйi" атты ұлттық жобалар басталды. Мәдени саланың негiзгi тетiгi — өз елiнiң мәдени мұрасын танып бiлу", — деп мәдениет саласына қатысты көптеген акпарат бердi.

Студенттер мен магистранттар Ғарифолла Есiм мен Ғазиз Телебаевқа күрделi де, қызықты сауалдар қойып, жауап алды.

15 қыркүйек
Тоты СЕРIКБАЙҚЫЗЫ,

ҚазҰУ-нiң магистранты

Серіктес жаңалықтары