Қор басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығымен кездестi

Қор басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығымен кездестi

Қор басшысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығымен кездестi
ашық дереккөзі
340

1-қыркүйекте "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры Басқармасының төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжановпен кездестi.

Е.Тоғжанов Қор басшысын Қазақстан халқы Ассамблеясының көп жақты қызметi мен өзектi мiндеттерi туралы, сондай-ақ азаматтық бiртұтастықты, төзiмдiлiктi және қазақстандық патриотизмдi нығайтуға бағытталған жаңа жобалар туралы хабардар еттi.

Кездесуде 2009 жылы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейiн басталған Қор мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара iс-қимылы мәселелерi талқыланды. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ жәрдемiнiң арқасында ҚХА "Менiң елiм" журналы шыға бастады, кiтаптар мен жинақтар шығарылды, мемлекеттiк тiлге оқытудың инновациялық технологияларын әзiрлеу және енгiзу жөнiндегi "Тiлдарын" әдiстемелiк орталығы құрылды, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында бiрнеше зерттеу жобалары iске асырылды.

Т.Құлыбаев "Самұрық-Қазына" қорының әлеуметтiк жауапты компания болып табылатындықтан алда да Ассамблеяның этностардың шоғырлануына және Қазақстан халқының ұлттық бiрлiгiне ықпал ететiн маңызды бастамаларын қолдайтынын атап көрсеттi.

"Түркiстан-ақпарат"
08. 09. 2011 ж.

Серіктес жаңалықтары