ҚАРАҒЫМА КӨМЕК БОЛСА...
ҚАРАҒЫМА КӨМЕК БОЛСА...
>«Түркiстан» газетiнiң бетiнде қайырымға мұқтаж талай адамның хаты жарияланды. Олардың көпшiлiгi қайырымды азаматтардың назарына iлiгiп, хат иелерi қамқорлыққа бөленiп те жататыны жасырын емес. Осындай жанайқайға толы тағы бiр хатты жариялай отырып, адамдар арасындағы мейiрiмнiң түгесiлмесiне үмiт етемiз.
Басымызға үлкен қиындық туып, басқа барар жерiм болмағандықтан, өздерiңiзден көмек сұрауға мәжбүр болып отырмын.
2010 жылы 20 қарашада балам Еркебұлан (1985 жылғы) екеумiз жылу жүйесiн жөндеп жатқанда жарылыс болып, екеумiз де жарақат алдық. Баламның екi көзi қатты жарақаттан көрмей қалды. Ол Алматыдағы Көз институтында ұзақ емделiп, жарақаты асқына түстi. Ақырында олар жаза алмайтындарын мәлiмдедi.
Бұдан кейiн Қытай елiнде ем жасайды дегендi естiп, үйiмiздi сатып, азын-аулақ қаражат тауып, сәуiр айында сонда бардық. Алдымен Үрiмшi қаласына барып, онда емдей алмаған соң, Чиндау қаласына апаруға тура келдi. Сонда баламыздың көзiне (бiреуiне) операция жасап, мүйiз салды. Соның арқасында сол операция жасаған көзiмен жақыннан азын-аулақ көретiн болды. Маусым айында тағы да тексертуге апардық. Операция жасаған профессор емдi жалғастыру қажеттiгiн, тағы да операция жасау керектiгiн айтты. Ал баламызды ендi апаруға бiздiң мүмкiндiгiмiз жоқ.
Баламыздың тағдырын ойлап, талай жерге бардық. Елден, тамыр-таныстан жылу жинап, тапқанымызды Қытай жолына жұмсағанбыз. Бiреулерден алған қарыздарымыз да өтеусiз. Жұрттан қайырымдылық сұрап, банктен есепшот ашып едiк, оған да ешнәрсе түспедi.
Содан басар жер, барар тауымыз қалмаған соң, «Нұр Отан» партиясына, өздерiңiзге мұңымызды шағып отырмыз. Әрине, есепсiз жатқан дүние жоқ екенi белгiлi. Бiздiң тұйыққа тiрелген жағдайымызды ескерiп, бiзге арнап Алматы облысына квота бөлуге ықпал етсеңiздер деп сұраймыз.
«Қазақстан халық банкiсiнен» ашқан есепшотымыз:
KZ 546014983100102033.
Ф.И.О. Ермұхамбет Руслан Ермұхамбетұлы.
Дата рождения 16.11.1980
Валюта счета KZT
Дата открытия 08.06.2011
Басымыздан өткен қиындықтар мен болған жағдайды баяндайтын видеотаспаны қоса жiберiп отырмыз.
Ермұхамбет ШАЛАҚАЗАҚОВ