«АҚ АЛТЫННЫҢ» БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

«АҚ АЛТЫННЫҢ» БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР

«АҚ АЛТЫННЫҢ» БАҒАСЫ АСПАНДАП ТҰР
ашық дереккөзі
239

Биыл Оңтүстiкте мақташылардың көңiлi көтерiңкi. Өйткенi Ливерпуль биржасындағы мақта талшығының бағасы өткен жылдармен салыстырғанда қымбат. Терiм науқаны басталғалы шиттi мақтаның әр келiсi 130 теңгеден қабылданып жатыр. Бұл жекеменшiк мақта зауыттарындағы баға. Ал, Мақтаарал ауданындағы мемлекеттiк зауыт бұдан да қымбаттырақ баға қояды деген болжам бар.

Облыстағы мақтаның жартысына жуығын беретiн Мақтаарал ауданында мақта терiмiне барлығы 196 комбайн жұмылдырылуда. Оның 43-i шетелдiк "Джон-Дир". Дегенмен мақта терiмiнде әлi де болса қол күшiне иек артуға тура келiп отыр. Себебi, техникалардың басым бөлiгiнiң тозығы жеткен.

Ендi бұрынғыдай шекараның арғы жағынан келетiн келiмсектердi күтiп отыратын уақыт өткен. Биыл квота бойынша көршi елден мақта терiмiне қатысу үшiн 1400 адамға рұқсат етiлiптi. Бұл жеткiлiксiз. Сондықтан Мақтаарал ауданының әкiмi Серiк Тұрбеков оның санын 4-5 есеге ұлғайтуды сұранып отыр.

-Былтыр күзде жер жырту, қыста сор шаю жұмыстары уақытылы орындалды. Соның нәтижесiнде көктемде шит себу мамыр айына дейiн толық аяқталды. Биыл 100,6 гектарға шит сепкен шаруалардың көңiлi көтерiңкi. Ливерпуль биржасындағы таза талшықты мақта бағасының қымбаттауы диқан қауымының жанын жадыратып отыр. Қазiрге дейiн қозаның түп саны мен қорланған көсектi есептеген сарапшыларымыз ең кемi 200 мың тонна ақ ұлпа жиналады, гектар өнiмдiлiгi орта есеппен 20 центнерден айналады деген болжам жасап отыр. Ендiгi мiндет өнiмдi ысырапсыз жинап алу,-дейдi аудан әкiмi.

Аудан әкiмiнiң тапсырмасымен қазiр барлық ауылдық округтерде терiмшiлер бригадасы құрылуда. Олар мақтаның әр келiсiн 7-8 теңгеден теруде.

Биылғы науқандағы ең жағымды жаңалықтың бiрi-әр округте 5-10 гектар жерге тәжiрибе ретiнде шиттi мақта себудiң америкалық тәсiлi қолданылды. Жаңа технологияны енгiзуге арналған семинар барлық елдi мекендерде өттi. Биылғы күзде аталған әдiс алғаш рет сарапқа салынбақ.

СӘБИТ ДҮЙСЕНБЕК
08. 09. 2011 ж.

Серіктес жаңалықтары