ӨМIРШЕҢ ӨНЕРДIҢ ОРДАСЫ

ӨМIРШЕҢ ӨНЕРДIҢ ОРДАСЫ

ӨМIРШЕҢ ӨНЕРДIҢ ОРДАСЫ
ашық дереккөзі
212

Сыр бойы – ежелден ән мен жырдың алтын бесiгi. Мұнда ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан iзгi дәстүр қалыптасқан. Облыс әкiмi Болатбек Қуандықов мырзаның жеке өз басы, облыс әкiмдiгi халқымыздың өмiршең өнерi одан әрi жалғаса беруi үшiн қолдан келген мүмкiндiктiң бәрiн жасауда.Қызылорда облысы, Шиелi кентiндегi «Арман» Мәдениет үйi 2007 жылы «Қазатомөнеркәсiп»ҰАК» АҚ қаржыландыруымен күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзген соң, есiгiн халыққа айқара ашқан болатын. Мәдениет үйi қызметiнiң басты мiндетi – «Қазатомөнеркәсiп»ҰАК»АҚ кәсiпорындары қызметкерлерiне лайықты мәдени шараларды ұйымдастыру, халықтың арасында көңiлдi кештер өткiзу, олардың қоғам өмiрiне белсендi араласуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргiзу. Өткiзiлген iс-шараларды халықтың көңiлiнен шығатындай, оң нәтиже беретiндей етiп жасауға үлкен көңiл бөлiнуде.

Мәдениет үйiнде бiрнеше үйiрме жұмыс жасайды.

Үйiрме жетекшiлерi бiрлесе отырып жылдық жұмыс жоспарын дайындап, қазiргi таңда түрлi үйiрме белгiленген жоспар бойынша жұмыстар атқаруда.

«Сурет, қолөнер» үйiрмесiнiң жетекшiсi Зухра Баймұрзаева балалар арасында қолөнер бұйымдарын жасауға, суреттiң қыр-сырын меңгеруге үйретедi. Әртүрлi тақырыпта суреттер салынып, мерекелерде сурет көрмелерi ұйымдастырылады. Қыз балалар тоқыма түрлерiн үйренуде. Бүгiнде сурет, қолөнер үйiрмесiне қатысқан оқушылар өз бейiмдiлiктерiн нақтылай түсуде.

«Би» үйiрмесiн жүргiзушi жас маман Ақерке Қантаева түрлi ұлт өкiлдерiнiң биiн балаларға үйретiп, мерекелiк шаралардың тақырыбына сәйкес би дайындауда. Бiрiншi кезекте балаларға жаттығулар жасату арқылы үйретуге көңiл бөлiнедi. Би үйiрмесiнiң қыздары қазiрдiң өзiнде бидiң қыры мен сырын толық меңгерген десе де болады.

«Ән салу, ән аспаптарында ойнауға үйрету» үйiрмесiнiң жетекшiсi Марат Шардарбеков балаларға ән айтуды караоке арқылы айтып үйретiп, жүргiзiлетiн шараларды сөзбен көркемдейдi. Жүргiзiлетiн шараларда оқушылар жанды дауыспен ән салуды үрдiске айналдырған.

«Театрландырылған қойылым» үйiрмесiн жүргiзушi Роза Мизамбаева балаларды ертегiнi сахналық қойылым жасауға үйретiп, үйiрмеге қатысушы балалар түрлi ертегiлердi сахнаға, мектеп сахнасына, балабақша бүлдiршiндерiне қойып, көрермендерiн қызыққа бөлеуде.

Көңiлдi тапқырлар клубы мен жас ақындар үйiрмесi жетекшiлерi Бақытжан Исламханов пен Айжан Қиянбекова бiрлесе жұмыс атқаруда. Б.Исламханов балалардың әзiлдерiн лайықты музыкамен көркемдесе, А.Қиянбекова дайындалған әзiлдердiң ұтымды, өткiр болуына ықпал етедi.

Бүгiнде барлық үйiрме жұмыстары өз дәрежесiнде жүргiзiлiп, ай сайын атқарылу барысы тексерiлiп отырады. Жазғы мезгiлде балалардың тынығуына байланысты өз жұмысын жандандыру мақсатында «Сыр ұланы» лагерiнiң тынығушыларымен жұмыстар жүргiзедi.

Жоспар бойынша, Қазақстан Республикасының мерекелер туралы Заңына сәйкес Наурыз, 1 Мамыр (Қазақстан халқының бiрлiгi), Ұлы Жеңiс күнi, Халықаралық балаларды қорғау күнi, аяжандар мен медицина қызметкерлерi күнi мерекелерi атап өтiлуде. Мерекелерге жасалынған сценарийлердi кент әкiмшiлiгi, мектеп директоры, оқушылар, лагерь басшыларына бекiтiп отырды. Аталған мерекелерге балабақша, мектеп, «Сыр ұланы» лагерi атсалысып жүр. «Арман» Мәдениет үйi бүгiнгi таңда барлық мекемелермен бiрлесе отырып, мерекелердi жоғары деңгейде өткiзудiң орталығына айналып отыр.

Ғани ӘЛIМБЕТОВ
18 тамыз 2011 жыл

Серіктес жаңалықтары