448
ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЙТА ҚЫМБАТТАЙДЫ
ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫ ҚАЙТА ҚЫМБАТТАЙДЫ
Үкiмет жақын арада бензин бағасын тағы да сәл-пәл көтеретiн болады. Бұл жөнiнде 26 шiлдеде Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев мәлiмдедi.
Қазақстан үкiметi 2009 жылдың желтоқсан айынан АИ-80/92/93 маркалы бензиннiң жеке саудадағы бағасына шектеу қойып келедi. Бұл шараны қолдану 2009 жылы Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнде бензин тапшылығы кезiнде бағаны күрт өсiруден кейiн қолға алынған.
Биылғы шiлдедегi баға шегi – АИ-92/93 бензинiне 102 теңгеден, АИ-80 – 84 теңгеге дейiн, дизель отыны – 87 теңгеге дейiн.
Соңғы кездерi автостанция иелерi мұнай өнiмдерiнiң бағасын жеке саудада шектеуден автостанциялардың зиян шегiп жатқанын айтып дабыл қағуда.
«Түркiстан-ақпарат»
28 шiлде 2011 жыл