ЕЛБАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА САПАРЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА САПАРЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
ашық дереккөзі
180

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Алматы облысына келдi. Сапар барысында Елбасы Алматы маңындағы бiрнеше нысандарды аралады.

Президент ең алдымен Алматы облысы малшыларының слетiне қатысып, аймақтағы мал шаруашылығының өсiп-өркендеп жатқандығына куә болды. Бүгiнде Алматы облысы – мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған аймақтың бiрi. Бұл өңiр соңғы кезде саны азайып бара жатқан асыл тұқымды малдың түрiн де көздiң қарашығындай сақтап келдi. Содан болар бұрынғыдай малшылардың слетiн өткiзу дәстүрi де ұмыт қалған емес.

Бұдан кейiн Елбасының iссапары Алматы қаласынан 50 шақырым жерде жатқан Қайнар және Бәйтерек ауылдарында жалғасты. Елбасы мұнда "А.Г.Ким" шаруа қожалығының жылыжай кешенiн, сондай-ақ "Айдарбаев" шаруа қожалығының егiстiк алқаптарын аралап, жаңа салынған жылыжайдың жұмысымен танысты. Қазiргi таңда ел халқын көкөнiс консервiлерiмен қамтамасыз етiп отырған көкөнiс консервiлеу зауытының да беталысы жаман емес. Оған облыста көптеп салынып жатқан жылыжайлардың да қосатын үлесi көп. Елбасы бастаған топ өнiм мол болса, зауыттың да жұмысы жандана беретiндiгiне тағы да көз жеткiздi.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев одан кейiн Есiк қаласындағы жаңадан салынған емхана мен аурухананың бүгiнгi тыныс-тiршiлiгiмен танысып, медициналық мекемелердiң ұжымымен жүздестi. Жаңа заманауи құралдармен жабдықталған медициналық мекеме басшылығы өңiр халқының денсаулығын сақтап қалуға аянбай тер төгетiндiгiн жеткiздi.

Динара ДҮРМӘН

28 шiлде 2011 жыл

Серіктес жаңалықтары