«ГЕЛИОС» ЗАҢСЫЗ БАҒА КӨТЕРДI МЕ?

«ГЕЛИОС» ЗАҢСЫЗ БАҒА КӨТЕРДI МЕ?

«ГЕЛИОС» ЗАҢСЫЗ БАҒА КӨТЕРДI МЕ?
ашық дереккөзі
394

Шiлденiң 11-iнде Астанада Үкiмет үйiнiң арнайы отырысында Мұнай және газ министрi Сауат Мыңбаев АИ-92, АИ-93 маркалы бензиннiң бағасын негiзсiз көтергенi үшiн «Гелиос» компаниясына шара қолданатынын айтты.

«АИ-92, АИ-93 маркалы бензинге қойылған шектеулi баға – литрiне 102 теңге. Одан аспауы тиiс. «Гелиос» компаниясы бұл шектен бағаны асырып жiбердi. Осыған орай шара қолданылуы тиiс. Менiңше, бұған Парламентте мақұлданған заңға қол қою да көмектесетiн болады», – дедi Сауат Мыңбаев.

Компанияның баспасөз-қызметi 2011 жылдың шiлдесiнен АИ-80 және дизель отынын сатпайтынын мәлiмдеген. Бұл шешiм аталған мұнай өнiмдерiн сатудан пайда емес, зиян шегiп жатқандықтан қабылданып отыр делiнген.

2011 жылдың 1 шiлдесiнен Мұнай және газ министрлiгi әлеуметтiк маңызы бар мұнай өнiмдерiнiң бағасын белгiлеген. Бұл бойынша, АИ-92/93 маркалы бензин бағасын 102 теңгеден, АИ-80 маркалы бензин бағасын 84 теңгеден, дизель отынының бағасын – 87 теңгеден асырмау жайында шешiм қабылданған. «Гелиос» компаниясының мәлiмдеуiнше, көтерме саудаға бұл шектеулер жүрмейдi. Қазiр көтерме саудада АИ-92/93 маркалы бензин – 99-105 теңгемен, АИ-80 – 84-95 теңгемен, дизель отыны – 87-95 теңгемен сатылуда екен.

Серіктес жаңалықтары