ОРАЛМАНДАР ЖЕР СҰРАЙДЫ
ОРАЛМАНДАР ЖЕР СҰРАЙДЫ
Шымкент қаласының әкiмшiлiгiнiң алдында оралмандар мен аудан мектебiнiң мұғалiмдерi шағын наразылық акциясын өткiздi. Оралмандар әкiмшiлiктен жер беруiн сұрады. Олар қолына түрлi ұрандар жазылған плакатпен әкiмшiлiк алдына келгенi сол едi, полиция өкiлдерi қолындағы плакаттарын тартып алып, өздерiн қамаймыз деп үркiттi. Бiрақ оңтүстiктiк оралмандар полицейлердiң дөң айбатына ыға қойған жоқ, наразылық акциясын аштық жариялаумен жалғастырды.
Оларға оңтүстiктiк мұғалiмдер қосылды. Сайрам мектебiнiң мұғалiмдерi директорды жұмыстан шығаруды талап етедi. Оны жемқор деп айыптайды. Әрi қолдарында нақты айғақтары бар көрiнедi. Мұғалiмдердiң талабын тыңдауға шыққан шенеунiктер бiрнеше күнде олардың айтқанын орындауға уәде бердi. Ал аштық жарияламақ ниеттегi оралмандарды аудандық iшкi iстер департаментiне алып кеттi.