ӘКIМ МОҢҒОЛИЯНЫҢ «ПАТРИОТИЗМ ҮШIН» ОРДЕНIМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ӘКIМ МОҢҒОЛИЯНЫҢ «ПАТРИОТИЗМ ҮШIН» ОРДЕНIМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ӘКIМ МОҢҒОЛИЯНЫҢ «ПАТРИОТИЗМ ҮШIН» ОРДЕНIМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ашық дереккөзі
340

Өскемен қалалық әкiмшiлiгiнiң мәлiмдеуiнше, шiлденiң 1-iнде өскемен қаласының әкiмi ислам әбiшевке моңғолия президентiнiң атынан «патриотизм үшiн» орденi табысталған.

"Моңғолияның Қорғаныс министрлiгiнiң бұл орденi Өскемен қаласының әкiмi Ислам Әбiшевке "Нұрлы көш" ауылын тұрғызып, тарихи Отанына оралған қандастарын қолдағаны үшiн берiлiп отыр", – дейдi Баян-Өлгий аймағының мемлекеттiк қауiпсiздiк департаментiнiң бастығы Көкен Нұрдыханұлы.

Ордендi кеудесiне таққан Өскемен қаласының әкiмi отандастарды қолдау бағдарламасы қалада ары қарай жалғасын табатындығын жеткiздi.

"Бiздiң елiмiз тәуелсiздiк алған күннен бастап, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында, отандастарымыздың оралуына жақсы жағдай жасалып отыр. Соның жарқын мысалы ретiнде бiздiң қалада "Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша оралмандарға арналған ауыл бой көтердi. Оны қаржыландыру екi кезеңнен тұрады", – дейдi Ислам Әбiшев.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары