Халық әндерiн әуелеткен «Халық сөзi»

Халық әндерiн әуелеткен «Халық сөзi»

Халық әндерiн әуелеткен «Халық сөзi»
ашық дереккөзі
222

Жарыққа шыққанына бiр жыл ғана болса да, қазақ басылымдарының қатарына еркiн мiнезiмен келiп орныққан, өзiндiк келбетiмен ұнамды сипат алып келе жатқан «Халық сөзi» газетi жан-жақты қолдауға лайықты басылым екенiн байқатты. Көпшiлiктiң жүрегiндегi сөз тоқшылықта да, жоқшылықта да, аласапыран-алмағайыпта да, мамыражай күндерде де ел мүддесi үшiн екпiнмен ғана айтылып қоймай, осы мұратты жүк етiп арқалаған жас басылым iс жүзiнде таныта да бiлдi.

Соның жарқын мысалы – кешегi Алматы қаласының «Қазақконцерт» залында өткен «Халық әндерi» атты өнер мерекесi. Бұл әншiлердiң күнде өткiзетiн думанды кештерiнiң бiрi емес, парасаттыға да, парықсызға да ой салған пәрменi күштi нағыз қайырымдылық шарасы болды. Бұл күнi қоғамның қалтарысында қалған, бәлкiм кей шақта мүлде ұмытылып, дiнi қатты қоғамнан да, өмiрден де қағажу көрiп, көңiлдерi құлазып қалған мүмкiндiгi шектеулi мүгедек жандар мен бiрiне тартса, бiрiне жетпей, тiршiлiк тауқыметiн кешiп, қажып жүрген көп балалы аналар шаттанған көңiлмен тегiн концерт тамашалады. Жыр алыбы Жамбылдың алмас өлеңiнiң сынығындай жасын жыр төккен бала-ақын Жамбыл Дүйсенов, Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейiсова, Айткүл мен Қанат Құдайбергенов, Ардақ Исатаева, тараздық Мадина Сағымбекова, қарағандылық Ержан Базарбеков, «Жiгiттер» квартетi, Тоқтар Серiков пен Бейбiт Сейдуәлиеваның өнерi бәрiмiздi сүйiндiрдi. Концерттiң арасында ойнатылған лотерея ойыны жиналғандарды бiр серпiлтiп тастады. Өнер мерекесi күнделiктi күйбеңдi, қамығуды жадымыздан шығартып, баршаны қанаттандырғандай болды.

Ж.Баққондыұлы

Серіктес жаңалықтары