ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫС ЕТIЛДI

ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫС ЕТIЛДI

ПРЕЗИДЕНТ СЫЙЛЫҒЫ  ТАБЫС ЕТIЛДI
ашық дереккөзі
172

28 маусымда Астана қаласында журналистердiң төл мерекесiне орай БАҚ саласындағы жыл сайын тапсырылатын Президент сыйлығы мен гранттары табыс етiлдi. Президент сыйлығын Мемлекеттiк хатшы Қанат Саудабаев табыс еттi.

Сонымен биылғы жылғы Президент сыйлығы – "Панорама" газетi бас редакторының орынбасары Асқар Әукеновке, Қазақстан журналистикасы академиясының президентi Сағымбай Қозыбаевқа, "Аргументы и факты Казахстан" газетiнiң бас редакторы Сергей Кузовниковқа, ресейлiк саясаттанушы және публицист Юрий Солозобовқа және "Шалқар" радиосы бас редакторының орынбасары Болатбек Төлепбергенге бұйырды.

Президент грантына Ұлттық баспасөз клубының вице-президентi Марк Айсбергке, "Егемен Қазақстан" газетiнiң саяси шолушылары Әлисұлтан Құланбай мен Жақсыбай Самрат, "Хабар" агенттiгiнiң Алматы облысы бойынша меншiктi тiлшiсi Тiлеуқабыл Мыңжасарға, "Казахстанская правда" газетiнiң саяси бөлiмiнiң редакторы Максим Шиманский, "Арқа ажары" газетi мен "Заң" және "Юридическая газетаның" шығармашылық ұжымдары ие болды.

Президенттiң арнайы Алғыс хатымен "Алматы ақшамы" газетiнiң денсаулық және әлеумет бөлiмiнiң меңгерушiсi Нұржамал Байсақал, "Алаш айнасы" газетiнiң бас редакторы Серiк Жанболат, "Айқын" газетiнiң тiлшiсi Гүлбаршын Сабаева, "Достық-Дружба" журналының бас редакторы Зейнекүл Сейсенова, "Егемен Қазақстан" газетiнiң Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңiрi бойынша тiлшiсi Дәулетқазы Сейсенұлы, "Қазақстан" телеарнасының "Қазақтың 100 әнi" телевизиялық бағдарламасының және "Караван" газетiнiң шығармашылық ұжымдары марапатталды.

Серіктес жаңалықтары