БТА банктен – шәкiртақы

БТА банктен – шәкiртақы

БТА банктен – шәкiртақы
ашық дереккөзі
404

Өткен аптада БТА Банкi "БТА-дан шәкiртақы" қайырымдылық жобасының аясында Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-мен ынтымақтастық жөнiнде келiсiмшартқа қол қойды.

Бұл жобаның негiзгi мақсаты — Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының үлгерiмi жоғары студенттерiне ай сайын шәкiртақы төлеу. Және "Әмбебап факультет" атты бiлiм беруге арналған оқу несиелерiн беру болып отыр.

Шәкiртақы беру негiзiнен әлеуметтiк жағдайы төмен отбасы студенттерiне арналады. Оның көлемi ай сайын 20000 теңге не жылына 200000 теңгенi құрайды. Шәкiртақыға үмiткер студенттердi университет әкiмшiлiгi әр семестр сайын ұсынатын болады.

Банктiң бұл жобасына ел аумағындағы 29 қазақстандық ЖОО қатысуы ықтимал. Ал "Әмбебап факультет" атты оқу кредитiн беру бағдарламасының жылдық өсiм мөлшерлемесi 8%-ды құрайды.

Жәнiбек НҰРЫШ,

ХҚТУ-дiң 3-курс студентi

Серіктес жаңалықтары