АРУЛАРЫМЫЗ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

АРУЛАРЫМЫЗ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

АРУЛАРЫМЫЗ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!
ашық дереккөзі
211

Астанада көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресiне жетiп, Қазақстан құрамасы жеңiс тұғырының ең биiк сатысына көтерiлдi. Көне Шығыстың 13 мемлекетiнен келген арулар үш күн бойы сайысқа түсiп, өздерiнiң әсем өнерлерiн жергiлiктi жанкүйерлердiң алдында паш еттi.

Астаналық жанкүйерлердiң қуаныш пен шаттыққа бөленуi орынды. Өйткенi жекелеген сайыстың төртеуiнде жерлестерiмiз жеңiске жетiп, алдарына жан салған жоқ. Саңлақ спортшымыз Анна Альябева шеңбермен және доппен жаттығуда үздiксiз өнер көрсетiп, елiмiзде ғана емес, Азия құрлығында да өзiне тең келетiн гимнаст жоқ екенiн дәлелдедi. Бұл жаттығуларда қытайлық Денг Сенюе мен өзбек аруы Ульяна Трофимова күмiс пен қола жүлденi қанжығаларына байлады.

Таяқ пен таспа сайысында Қазақстанның маңдайалды спортшысы Петраковаға құрлықта тең келер спортшы жоқ екен. Барлық қарсыластарынан қара үзген ол қос жаттығуда да алтыннан алқа тағынды. Есесiне, ару Анна Альябева бұл сайыстарда қола жүлделердi ғана қанағат тұтты. Жарыс қарымтасымен қызық, қоссайыста Анна тағы да топ жарып, бұл бәсекеде көгiлдiр байрағымызды көкте желбiреттi. Өзбекстандық Ульяна Трофимова күмiс, ал қытайлық Денг Сенюе қола медальдердi қанағат тұтты.

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы айқын басымдықпен жеңiс тұғырының ең биiк сатысына көтерiлдi.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары