УАҚЫТ ЖӘНЕ ЖАСТАР

УАҚЫТ ЖӘНЕ ЖАСТАР

УАҚЫТ ЖӘНЕ ЖАСТАР
ашық дереккөзі
519

Таяуда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетiнiң кiтапханасында Қоғамдық пәндер кафедрасы, "Қазақстан тарихы" бөлiмi оқытушыларының ұйымдастыруымен көрнектi жазушы, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, Қазақстан авторлары қоғамының төрағасы Марал Ысқақбайдың қатысуымен Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойына орай "Уақыт және жастар" атты дөңгелек үстел болып өттi.

"Уақыт және жастар" атты дөңгелек үстелге белсене қатысқаны үшiн тарих ғылымдарының докторы, профессор Айткүл Махаева, "Қазақстан тарихы" бөлiмiнiң меңгерушiсi, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Досалы Салқынбек, Ғылыми кiтапхана директоры Әйкен Донкушева, Iс-шараларды техникамен қамтамасыз ету бөлiмiнiң қызметкерi Қайрат Әбдiжалал, Тау-кен институтының 1-курс студенттерi Жүзiм Барлыбаева, Аида Унасбаева, Ә.Бүркiтбаев атындағы Металлургия және полиграфия институтының 2-курс студенттерi Қайсар Әбiләшiм, Есхат Әлайдар, Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының 3-курс студентi Сағмандар алғыс хатпен марапатталды.

Дөңгелек үстел қызықты да, тартымды өттi. Жазушы тарихқа байланысты шығармаларынан үзiндiлер оқыды.

Кеш соңында М.Ысқақбай: "Қазiр бiлiм жарысының заманы. Бiлiм бәсекесiне төтеп бере алатындай жастар керек. Тәуелсiз елдiң жастарысыздар. Жастарға ақыл-кеңес берудiң қажетi жоқ, оқыған саналы жастарсыздар", – деп студент-жастарға ақ батасын бердi. Жазушыға ректорат атынан Оқу iсiн ұйымдастыру департаментiнiң директоры Әуезхан Тұрдәлиев шапан жапты.

Бану ШАЛОВА

Серіктес жаңалықтары