«ҚАСҚЫР КҮЙI» ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ ОРЫНДАЛМАҚ!

«ҚАСҚЫР КҮЙI» ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ ОРЫНДАЛМАҚ!

«ҚАСҚЫР КҮЙI» ЛОС-АНДЖЕЛЕСТЕ ОРЫНДАЛМАҚ!
ашық дереккөзі
408

“Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының этно-фольклорлық «Тұран» ансамблi маусымның 11-26 аралығында Голливудта өтетiн қазақ киносының фестивалiне аттанады”, – дейдi ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi белгiлi композитор, Ақтоты Райымқұлова ханым.<br>

Өнер сапарының алдында «Тұран» ансамбiл Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясының сахнасында концерт қойды. Тыңдаушыларын шебер орындаушылық қабiлеттерiмен баурап алған «Тұран» тобының шығармашылық репертуарында Н.Тiлендиевтiң «Аққу», Халық композиторы Тiлептiң «Бақсы», А. Райымқұлованың «Шабыт және Толғау» атты күйлерi бар. Ал халық күйi «Қасқыр» орындалғанда жас музыканттардың шеберлiктерiне тәнтi болған талғампаз оңтүстiк астана жұртшылығы орындарынан тiк тұрып, қошеметпен қол соқты. Алдағы күндерде «Тұран» әлемдiк кино өнерiнiң майталмандары алдында өз өнерлерiн паш етпек. Құрманғазы консерваториясының «қасқыр жүректi өнерпаздарына» Америка жұртшылығы да орындарынан дүр етiп көтерiлiп қол соғар деп үмiттенемiз.

Талап ҚАНАҒАТҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары