СЕНIМГЕ ҚОЛҰШЫН СОЗАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

СЕНIМГЕ ҚОЛҰШЫН СОЗАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

СЕНIМГЕ ҚОЛҰШЫН СОЗАЙЫҚ, АҒАЙЫН!
ашық дереккөзі
278

Орал қаласындағы Кеңдала шағынауданы, Брусиловский көшесi, №103 үйдiң тұрғыны Бекболат Жұбанаев 2006 жылдан берi ұлы Сенiм Ерболатовқа шұғыл операция жасауы үшiн қайырымды, iзгi жандардан материалдық көмек сұрайды.

Кiшкентай Сенiм 2008 жылдан берi Алматы қаласындағы ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығының гематология бөлiмiнде ем алуда. Бала химия терапияның 4 курсынан өткен. Бiрақ әлi күнге дейiн ауыр сырқаттан айығар емес. Сенiмнiң шұғыл жұлын миын алмастыру керек. Ал ауыстыру операциясы Белоруссияның астанасы Минск қаласында ғана жасалатын көрiнедi. Донор Сенiмнiң 9 жастағы ағасы болмақ. Оның жұлын миы Мәскеу дәрiгерлерiнiң тексеру сараптамасы бойынша Сенiмге толық сәйкес болып тұр.

Бекболат Жұбанаев вагон жөндеу депосында слесарь болып жұмыс iстейдi. Анасы түнгi ұйқысын төрт бөлiп, сырқат баласының сауығып кетуiн тiлеуде. Шұғыл операция ғана Сенiмдi ажалдан арашалап қала алады. Мұқтаж жанға қаржылай көмек берулерiңiздi сұраймыз! Сенiмге қолұшын созып, жанашырлық танытқыңыз келсе, оның есепшот нөмiрi мынадай:

KZ 866012333000017620

Халық банкi немесе мына телефондарға хабарласуға болады:

87052406167; үй тел: 51-84-57.

Серіктес жаңалықтары