ИНТЕГРАЦИЯҒА МҮДДЕЛIЛIК

ИНТЕГРАЦИЯҒА МҮДДЕЛIЛIК

ИНТЕГРАЦИЯҒА МҮДДЕЛIЛIК
ашық дереккөзі
551

Жан басына шаққандағы халықтың ЖIӨ, макроэкономикалық тұрақтылықтың жетiстiктерi, шетел инвестициясын тарту көрсеткiштерi бойынша елiмiз ТМД аумағында Ресейден кейiнгi 2-орында. Бұл жөнiнде Экономикалық даму және сауда министрi Қайрат Келiмбетов мәлiмдедi.

Экономикалық даму және сауда министрi Қайрат Келiмбетов Алматы қаласында өткен "Қазақстандағы шетел инвестициясы: тәжiрибе, мiндет пен келешек" атты дөңгелек үстел барысындағы мәлiмдеуiнше, қазiр елiмiзде бiр адамға шаққандағы ЖIӨ 10 000 АҚШ долларына тең. "Елбасының Үкiмет алдына қойған мақсаттарының бiрi 2015 жылға дейiн бұл көрсеткiштi 15 000 АҚШ долларына дейiн ұлғайту. ТМД аумағындағы ешбiр елде дағдарысқа дейiнгi экономиканың өрлеуi 10 % құраған жоқ, ешбiр ел бiз сияқты жедел түрде дағдарыстан шыққан жоқ. Экономиканың өсуi 7%-ды құрады", – дедi министр. Келiмбетов сондай-ақ Қытай инвесторларының Қазақстанда орналасуының ешбiр әбестiгi жоқтығын да тiлге тиек еттi. Қазiргi таңда Қытай әлемдiк лидерге айналды. Министрдiң пайымдауынша, бұл – бүгiнгi күннiң геосаяси шындығы. "Бiз бұл мемлекетпен қарым-қатынасымызға өзгеше қарауымыз керек. ШЫҰ аясындағы қарым-қатынас ұйымға мүше мемлекеттер арасында сенiмдiлiктiң болуын талап етедi. Сөздiң жақсы мағынасында, Қазақстан көршi мемлекеттермен тығыз интеграцияға "мүдделi" екенiн атап өту керек. Кедендiк Одақ аясында қол жеткiзген жетiстiктерiмiз – қазақстандық бизнеске көршiлермен тығыз қарым-қатынас орнатып, экспорттық бағдарлау кәсiпорындарын құруға мүмкiндiк беретiн құрылымдық реформаларымыздың бiр бөлшегi", – деп түйдi сөзiн Қайрат Келiмбетов.

Ә.ДОСЫМ

Серіктес жаңалықтары