СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
ашық дереккөзі
331

Биыл Алматыда 8380 түлек мектеп бiтiрдi

Алматы қаласы мектептерiнiң түлектерi – мектебiмен қоштасып, қоңыраудың үнiн соңғы рет естiдi. Арманы таудай талапкерлердi құттықтауға келген Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмов №105 гимназияға ат басын тiредi.

Биылғы оқу жылында қалада 8380 түлек қанат қағады. Оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаған қала әкiмi Ахметжан Есiмов бiлiмдi, бiлiктi, креативтi, болашақты бағдарлай бiлетiн жастардың ел мақтанышына айналатындығын қуанышпен жеткiздi. Ол сондай-ақ, алматылық оқушылардың басқа қала, облыспен салыстырғанда оқ бойы озық тұратындығын, халықаралық, республикалық бiлiм сайыстарында жеңiс тұғырынан көрiнетiндiгiн мақтанышпен айтты.

Тоғжан Мелiс

Серіктес жаңалықтары