БОЛАШАҚ БҮГIННЕН БАСТАЛАДЫ

БОЛАШАҚ БҮГIННЕН БАСТАЛАДЫ

БОЛАШАҚ БҮГIННЕН БАСТАЛАДЫ
ашық дереккөзі
433

БТА Банкi 2010 жылдың қаржылық қорытындысын шығарды

Аталмыш кезеңдегi Банктiң және БТА тобына кiретiн компаниялардың негiзгi жетiстiктерiнiң бiрi – табысты аяқталған қайта құрылымдау болып табылады. Осының нәтижесiнде таза табыстың мөлшерi 986 265 млн. теңгенi (6 693 млн. АҚШ доллары) құраса, ал 2009 жылдың қорытындысы бойынша таза шығын мөлшерi 1 114 534 млн. теңге (7 507 млн. АҚШ доллары) болды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша түскен пайда алдымен 853 914 млн. теңгенi құрайтын (5 789 млн.АҚШ доллары) қайта құрылымдаудан түскен табысқа байланысты. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Банк ҚР банк секторында жетекшi орында келе жатыр: Актив мөлшерi бойынша – 3 орында (1 994 млрд. тенге немесе 13 519 млн. АҚШ долларын), заңды тұлғалардың депозиттiк портфелiнiң мөлшерi бойынша 4 орында (419 млрд. теңге немесе 2 841 млн. АҚШ доллары) және жеке тұлғалардың депозиттiк портфелi бойынша (255 млрд.теңге немесе 1 726 млн. АҚШ доллары) иелендi. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi Банктiң жалпы депозиттiк портфелiнiң жағдайы 2010 жылғы 1 қаңтарына қарағанда 14,6%-ға көбейiп, 674 млрд. теңгенi құрады.

2011 жылы Банктiң несиелiк портфелi бизнестiң түрлi бағытында жоспарлы түрде әртараптандырылды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Банктiң таза несиелiк портфельдегi бөлшек сауданың үлесi 21,9%-ға, ал ШОБ-тың үлесi – 15,9%-ға дейiн өстi. Клиенттiк базаны кеңейтудi серiктестiк бағдарламасының аясында, жеке кәсiпкерлер және басқа банктерден қарыз алушыларды, студенттердi яғни клиенттердiң жаңа тобын өзiне тарту арқылы iске асыруды жоспарлап отыр. 2011 жылдың басынан бөлшек кредиттеу үрдiсiн автоматтандыру бойынша жобасына Кредит карталары, Жедел кредиттер, Автокредиттер, Әмбебап факультетi бойынша автоматтандырылған скорингпен орталықтандырылған андеррайнг үдерiсi енедi. Проблемалы кредиттердi қайтару жөнiндегi жұмысты күшейтудiң бiрнеше бағыты бар. Қарыз алушының өтей аларлық шамасына байланысты оған қайта құрылымдалған, қарыздың мерзiмi ұзартылған жеке кестелердiң тiзбесi ұсынылуы мүмкiн. Кейбiр жағдайларда қарыз алушыға өз еркiмен мүлкiн саудаға салуға немесе тек соның келiсiмiмен жүзеге асырылатын соттан тыс саудаларды жүргiзу ұсынылуы мүмкiн. Тiптi болмаған жағдайда соттың шешiмiмен Банк кепiлдiктегi жылжымайтын мүлiктi өз балансына қабылдауы мүмкiн. Бұл жағдайда қарыз алушы аталмыш жылжымайтын мүлiктi немесе басқа жылжымайтын мүлiктi жалға алу шартының негiзiнде тұруына және Банк балансына сәйкес бiрiншi кезекте сатып алуға құқысы бар. Банк корпоративтi бизнесте несиелiк портфельдiң сапасын жетiлдiру мақсатында шетелдегi активтердi қайтару және бизнестiң кiрiсiн жоғарылатып, есеп айырысу-кассалық қызметтерден түсетiн пайыздық емес үлестердi көбейту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Банк клиенттiк базамен жұмысқа баса назар аударып, бұрынғы клиенттердi қайтарудың, қазiргi бар клиенттердi сақтап қалып, жаңадан iрi клиенттердi тарту жағын ойластыруға үлкен салмақ салып отыр.

Ж.Баққондыұлы

Серіктес жаңалықтары