СЕНБIДЕГI БИЛЬЯРД

СЕНБIДЕГI БИЛЬЯРД

СЕНБIДЕГI БИЛЬЯРД
ашық дереккөзі
505

Ақиық ақынның мерейтойына арналды

Сенбi күнi Алматы қаласы "Фараон" бильярд клубында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев атындағы I республикалық турнир өттi. Бұл турнирдi Ғабит Мүсiрепов атындағы қоғамдық қор – Ғабиден Жакеев, Абай ақпараттық порталы – Айдос Сарым, Дәурен Қуат ұйымдастырды. Шарада Мұқағали Мақатаевтың тұяғы Жұлдыз Мақатаев, келiнi Бақытгүл Айдарова, Асанәлi Әшiмов ақсақал бастаған қазақтың игi жақсылары бас қосты. Қоғам қайраткерлерi, дипломаттар, жазушылар мен журналистердiң Мұқаң туралы естелiктерi айтылды.

Республикалық жарысқа қоғам қайраткерлерi Төлеген Жүкеев, Балташ Тұрсынбаев, Бақыт Оспанов, өнер жұлдыздары Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, белгiлi жазушы Роллан Сейсенбаев, Ғаббас Қабышұлы ақсақал, Iлияс Жансүгiровтiң ұлы Саят Жансүгiров, Жүрсiн Ерман, қазақ энциклопедиясының президентi Бауыржан Жақып, күй майталманы Шәмiл Әбiлтаев, Ибрагим Исаев, Шөмiшбай Сариев, Маралтай Райымбекұлы сияқты қазақтың белгiлi ақындары қатысты.

Мұқағали Мақатаев атындағы бильярдтан турнирдiң бас демеушiлерi "Ордабасы" корпорациясының президентi Дiнмұхаммед Ыдырысов, белгiлi меценат, Алматы сауда палатасының президентi Iзбасар Бозаев, Алматы қаласы мәслихат депутаты Талғат Әбдiжапар, қоғам қайраткерi Мұсағали Дуанбеков. Осы орайда Алматы сауда палатасының президентi Iзбасар Бозаев Жұлдыз Мақатаевқа "Қарасаз" атындағы сыйлық, Несiп Жүнiсбайұлына "Хан-тәңiрi", Ғабиден Жакеевке "Шалкөде" сыйлығын табыс еттi. Жұмаш Көкбөрiге "Алмас қылыш" сыйлығы табыс етiлдi.

Жарыс қорытындысы бойынша төмендегi ойыншылар мынадай нәтиже көрсеттi:

I орын – Нұртiлеу Иманғалиұлы;

II орын – Бақыт Беделхан;

III орын – Тұрмағамбет Кенжебаев;

IV орын – Мұхтар Түменбаев.

Едiге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары