ДОСТЫҚ ӘНДЕРI ШЫРҚАЛДЫ

ДОСТЫҚ ӘНДЕРI ШЫРҚАЛДЫ

ДОСТЫҚ ӘНДЕРI ШЫРҚАЛДЫ
ашық дереккөзі

Жақында Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясының шығармашылық концерттiк ұжымы, "Бақытжан Байқадамов атындағы хор капелласы" "әлем халықтарының әндерi" атты тақырып аясында концерт өткiздi. Өнер тамашасының алдында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесi, Алматы облысы Азербайжан ұлттық мәдени орталығының басшысы Асылы Османова көпшiлiктi 1 мамыр бiрлiк күнiмен құттықтап, ұлттар арасындағы достық пен татулықтың нығая беруiн тiлеп, лебiз бiлдiрдi.

Мұнан кейiн ҚР Еңбек сiңiрген қайраткер, Бейiмбет Демеуовтiң дирижерлық жасауымен хор капелласы қазақ халық әндерiн жоғары кәсiби деңгейдегi шеберлiкпен орындап, тыңдармандар қошеметiне бөлендi. Өнер тамашасында Алматыдағы өзбек, азербайжан, корей, түрiк, және "Жетiсу казактары" атынан келген өнерпаздар өз өнерлерiн ортаға салды. Достық әндерi шырқалған концерттiң шымылдығы белгiлi композитор Тiлес Қажығалиевтың "Ұлы Отан" атты туындысымен сәндi жабылды.

"Түркiстан-ақпарат"