238
"БӨБЕКТIҢ" БIЛIМ ГРАНТТАРЫ
"БӨБЕКТIҢ" БIЛIМ ГРАНТТАРЫ
1992 жылы ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтiк көмек беру мақсатында Сара Алпысқызының бастамасымен "Бөбек" балалар қайырымдылық қоры құрылған болатын. Бүгiнде құрылғанына 19 жыл толған "Бөбек" қоры әрбiр тәрбиеленушi баланы қамқорлығына алды, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға қолұшын соза бiлдi.
Биыл жаңа оқу жылы қарсаңында үздiк оқыған мектеп түлектерiне Сара Алпысқызы атындағы бiлiм гранттары табысталады. Аталмыш қор жетiм және аз қамтылған отбасынан шыққан талантты деген 64 балаға Қазақстанның ЖОО-лары мен колледждерiне оқу ақысын төлеудi өз мойнына алып отыр. Әр облысқа 4 гранттан бөлiнедi деп жоспарлануда.
"Түркiстан-ақпарат"