ТАРАЗЫДАЙ ТЕҢСЕЛГЕН ТЕҢГЕ БАҒАМЫ

ТАРАЗЫДАЙ ТЕҢСЕЛГЕН ТЕҢГЕ БАҒАМЫ

ТАРАЗЫДАЙ ТЕҢСЕЛГЕН ТЕҢГЕ БАҒАМЫ
ашық дереккөзі
153

Жыл басынан берi теңге мен доллардың ара салмағы туралы жиi айтылып келедi. Тiптi сарапшылардың девальвация болады деген пiкiрi де әр жерден қылаң берiп қалды. Бiрақ наурызда басқармалы айналымға көшкен теңге бағамы артуда. “АҚШ долларымен салыстырғанда теңге айтарлықтай көтерiлдi”, – дейдi Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

Алғашқы тоқсанның қаңтар айында ұлттық валютаның курсы 147,39 теңге болған. Бұл – үш ай iшiндегi ең жоғарғы көрсеткiш. Ал тоқсан соңында теңге бағамы жоғарылап, доллар 145,70 теңгеге дейiн жеттi. Наурыз айында тiптi доллар бағасы 145,55 теңгеге дейiн тiрелiп, тоқсан iшiндегi ең төменгi көрсеткiшке жеттi.

Елiмiздiң валюта нарығындағы жағдайға тоқталған Марченко мырза 2011 жылдың басынан берi Ұлттық банк 6 миллиард АҚШ долларын сатып алғанын жеткiздi. АҚШ долларына шаққанда теңгенiң бағамы биыл 1,25 пайызға көтерiлген дейдi төраға. "Бұл қаржы агрегаттарының өсуi мен инфляцияға әсер еткен жоқ. Мұндай жағдай елiмiздiң экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiне қауiп төндiрмейдi". Сонымен қатар Марченко мырза әлем валюталарының да құнының өскенiн мәлiмдедi. Мәселен еуро, ресейлiк рубль, Қытай юаны доллармен салыстырғанда өсу қарқыны басым. "Сондықтан Ұлттық банкiнiң бақылауымен бiз теңгенiң бағамын нықтай аламыз", – дедi нық сенiммен Григорий Марченко.

Соңғы кездерi теңге курсының өсу үрдiсi қатаң бақылауда. Теңгенiң айырбастау курсының тұрақтылығын ұстап тұру үшiн Ұлттық банк iшкi нарықта интервенция жүргiзiп келедi, яғни шетел валютасын сатып алуда. "Қаңтар айында 1,8 миллиард АҚШ долларын сатып алдық. Ал ақпанда – 2,7 миллиард доллар, наурызда – 1 миллиардқа жуық доллар сатып алдық. Бұл үрдiс жалғасуда", – дейдi Марченко мырза.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары