БҰРҒЫЛАУДАН КӨЗ АШПАҒАН ШЫҒАНАҚ

БҰРҒЫЛАУДАН КӨЗ АШПАҒАН ШЫҒАНАҚ

БҰРҒЫЛАУДАН КӨЗ АШПАҒАН ШЫҒАНАҚ
ашық дереккөзі
490

British Petroleum қайта iске кiрiстi

Атышулы British Petroleum (BP) компаниясы Мексика шығанағындағы мұнай бұрғылау жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Таяуда осы мақсатпен АҚШ билiгiне өтiнiш жолдап, кен орындарын пайдалануды қайта сұрап отырғаны туралы The New York Times басылымында жарық көрдi.

Компания 2010 жылдың сәуiрiне дейiн жоспарлаған 10 терең сулы скважинаны бұрғылауға рұқсат беруiн сұрап отыр. Өткен жылы дәл осы уақытта Мексика шығанағында аталмыш компанияға қарасты Deepwater Horizon мұнай платформасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапқан. Нәтижесiнде платформа су астында қалып, 4,9 миллион баррель мұнай мұхит суына жайылып, Луизиана штаты жағалауына орасан зор зақым әкелдi. Осы оқыс оқиғадан кейiн Мексика шығанағында бұрғылау жұмыстары жаппай тоқтатылып, барлық компанияларға бұдан әрi бұрғылауға тыйым салынған-ды. Алайда өткен жылдың қазан айында бұл пәрмен күшiн жойып, мұнай алпауыттары – Shell, Exxon Mobil, Chevron и BHP Billiton компанияларына мұнай өндiрудi жалғастыруға рұқсат етiлдi.

Ал British Petroleum-ге қатысты тергеу жұмыстары аяқталған жоқ, әсiресе 11 жұмысшының опат болуына қатысты қылмысты iске нүкте қойылмай тұр. Десе де жағалау экологиясы мен жергiлiктi табиғатқа келтiрген залалы үшiн аталмыш компания 40 миллиард доллар бөлдi. Шығынға белшесiнен батқан алып компания қауiпсiздiк шараларын қатаң сақтайтынын, сондай-ақ бұрын бұрғылау жүргiзiлген скважиналарды ғана пайдаланатынын алға тартуда.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары