ҒАЛАМТОРДА – "ARDAKTYLAR.KZ" ҰЛТТЫҚ САЙТЫ

ҒАЛАМТОРДА – "ARDAKTYLAR.KZ" ҰЛТТЫҚ САЙТЫ

ҒАЛАМТОРДА – "ARDAKTYLAR.KZ" ҰЛТТЫҚ САЙТЫ
ашық дереккөзі
250

Жаһандану заманында тездiгi жағынан да, қамтитын аумағы мен оқырмандарының көптiгi жағынан да интернетке тең келер ақпарат құралы жоқтың қасы. Өкiнiштiсi, бүгiнде қарқынды түрде дамып жатқан ғаламтор сайттарының 5 пайызы ғана мемлекеттiк тiлде ақпарат таратады екен.

Осы олқылықтың орнын толтыру үшiн Елбасы басымдық берiп отырған тiл саясатын негiзге ала отырып, мемлекеттiк тiлдегi "Ardaktylar.kz" Өнегелi өмiр" ұлттық сайты өмiрге келдi. Тiлдердi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында қазақтiлдi сайттарды көбейту, оларға қолдау көрсетуге бағытталған арнайы тармақтар бар екенiн ескерсек, аталмыш сайт осы ауыр мiндеттi арқалағалы отыр.

"Сайт арқылы болашақ ұрпақтың жүрегiне Отанға, халқына, ұлтына деген мақтаныш сезiмiн ұялатуға септiгiмiздi тигiзiп, өмiрден өткен тарихи тұлғаларымызды (қазақтың хандары, сұлтандары, билерi, батырлары, ғұламалары және т.б.) қоса алғанда, егемендi елiмiздiң саяси өмiрiне, экономикасына, өнерi мен мәдениетiне, бiлiмi мен ғылымына және тағы басқа да салаларына еңбегi сiңген қайраткерлерiмiздiң, өнегелi, озық ойлы жандардың өмiрi мен қызмет тарихына негiзделген ақпараттық қор құруды мақсат етiп алдық", – дейдi сайттың өкiлi Нұрбол Омаров мырза.

"Ardaktylar.kz" Өнегелi өмiр" ұлттық сайты ғаламтор бетiне жайғасқанына көп бола қоймаса да, елiмiздiң бiрқатар белгiлi ғалымдарының, бiлiм, өнер және т.б. салаларда еңбек сiңiрген ардагерлердiң қолдауын тауып отыр. Бүгiнде сайттың материалдарын негiзiнен мектеп, колледж оқушылары, студенттер қауымы тұтынып келедi.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары