ЖЕҢIМПАЗ РЕКТОР ГРАНТЫН ИЕЛЕНЕДI

ЖЕҢIМПАЗ РЕКТОР ГРАНТЫН ИЕЛЕНЕДI

ЖЕҢIМПАЗ РЕКТОР ГРАНТЫН ИЕЛЕНЕДI
ашық дереккөзі
367

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Журналистика факультетiнiң ұйымдастыруымен, Алматы қалалық әкiмдiгiнiң, республикалық ақпарат құралдары мен баспалардың қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында Республикалық "Болашақ баспагер-редактор" байқауы өтедi

Ондай маманды ЖОО-да даярлау үшiн ең алдымен мектеп бiтiрушiлерге дұрыс кәсiби бағдар берiп, осы мамандыққа қызығушылығын ояту қажет. Осы қажеттiлiктi өтеу үшiн ұйымдастырылмақ бұл байқау әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң көшбасшылық мәртебесiн көтеруге қызмет етедi.

Байқаудың мақсаты:

– Мектеп оқушыларына кәсiби бағдар беру;

– Олардың баспа iсi жөнiндегi түсiнiк-танымын кеңейту;

– Кiтап дайындау, шығару, тарату кәсiбiне баулу;

– Баспа бизнесiмен айналысуға жол ашу;

– "Баспа iсi" мамандығына қызығушылығын ояту.

Байқаудың шарттары:

– Байқауға мектептер мен колледждерде оқитын барлық оқушылар қатыса алады.

Қатысушылар үш сынақ бойынша жарысқа түседi:

1. Шығармашылық сынақ (ауызша және жазбаша ).

2. Безендiк (дизайн) сынақ (мұнда қатысушы өз еркiмен қалауы бойынша кiтап мұқабасын немесе журнал беттерiн түрлi-түстi бояу қарындаштарымен безендiредi).

3. Редакторлық-корректорлық сынақ (мұнда қатысушы алдын-ала берiлген мәтiннiң стилистикалық және грамматикалық қателерiн түзейдi)

Жеңiмпаздарды марапаттау:

1. Ең үздiк деп танылған жеңiмпаз ректор грантын иеленедi. Егер ректор грантын иеленген жеңiмпаз ЖОО-ға қабылдау конкурсынан мемлекеттiк грантты жеңiп алған болса, ректорлық грант ЖОО-ға қабылдау конкурсынан мемлекеттiк грантын иелене алмаған, балы жоғары талапкерге берiледi.

2. Ынталандыру сыйлығын алған жеңiмпаз, егер "баспа iсi" мамандығы бойынша оқуға түссе, бiр жылдық шәкiртақыға ие болады.

3. Қатысушыларға және олардың жетекшiлерiне байқауға катысқаны жөнiнде арнаулы сертификат берiледi.

Байқауға қатысушы оқушылар сәуiрдiң 12-iне дейiн өзi және мектебi, жетекшiсi туралы мәлiметтердi мына мекен-жайға жiберуi тиiстi: Medeubek.S.agat@gmail.сom; artnomad82@mail.ru; MubarakK@mail.kz.

Байланыс телефондары:

377-33-40 (iшкi 1348); ұялы тел.: 8 701 490 89 90;

8 705 980 05 66;

8 777 743 69 66;

8 705 555 88 35.

Серіктес жаңалықтары