ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАРҒА БЕРIЛГЕН МҮМКIНДIКТЕР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАРҒА БЕРIЛГЕН МҮМКIНДIКТЕР

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАРҒА БЕРIЛГЕН МҮМКIНДIКТЕР
ашық дереккөзі
455

Апта басында халықаралық бақылаушыларды тiркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынуымен тағы 92 бақылаушыны тiркедi. Сонымен алдағы Президент сайлауына 1052-ден астам сырттан келген бақылаушылар қатысады.

Халықаралық ұйымдардың өкiлдерi елiмiзде кезектен тыс өтетiн сайлауға баса назар аударып отыр. Бүгiнде Еуропа Қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымының Адам құқықтары жөнiндегi демократиялық институттар бюросының миссиясынан 357 адам, ТМД ұйымы миссиясынан 425 өкiл, сондай-ақ өзге де әлемдiк ұйымдардан тiркеуге тұрған. Орталық сайлау комиссиясы Татьяна Охлапкова олардың негiзгi мiндетiн айқындап бердi:

– Аумақтық сайлау учаскелерiнде халықаралық бақылаушылар сайлау барысында бейне және дыбыс жазбаларын жүргiзiп, суретке түсiру мүмкiндiктерiне ие болады. Учаскелердегi отырыстарда болып, дауыстарды санауға қатыса алады. Сондай-ақ мен сайлау учаскелерi комиссияларының назарына дауыс беру жәшiктерiмен үйлердi аралау кезiнде халықаралық байқаушылардың қоса ерiп, жағдайды бақылауына құқылы екенiн еске салғым келедi, – дедi.

Сонымен қатар шетелдегi сайлаушылар тiзiмi де анықталып отыр. Елден жырақта жүрген азаматтар үшiн де дауыс беру мүмкiндiгi кеңiнен қарастырылған. Бүгiнде Қазақстанның дипломатиялық өкiлдiктерiнде 30-дан астам сайлау учаскесi ашылды.

А.БЕЙIМБЕТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары