Visa және Mastercard сынға алынды

Visa және Mastercard сынға алынды

Visa және Mastercard сынға алынды
ашық дереккөзі
439

Ресейдiң ұлттық төлем жүйесiндегi жаңарулар

Ресейде шетелдiк төлем карталарын қолданыстан алып тастау қызу талқылануда. Федерация думасында ұлттық төлем жүйесiн енгiзiп, Visa және Mastercard карталарын бiржола тоқтатуды ұсынды.

Десе де бұл төлем карталарын Ресей банкi осыған дейiн басып келдi. Халық арасында кеңiнен таралымға енiп, жалақы алу, ақша салуда осы карталар сенiмдi болып келген. Бiрақ Visa және Mastercard карталарына салынған қаражаттың Лондонды айналып келетiнi тағы бар. Сондықтан дума депутаттары 90-жылдары iшкi сауда-саттық айналымынан долларды шектеген сияқты шетелдiк төлем карталарын да қысқарту керек дейдi. Ол үшiн Ресей ұлттық банкi алдымен оңтайлы өз төлем жүйесiн жасап, қолданысқа енгiзуi тиiс.

Ресейдегi Америкалық сауда палатасының басшысы Эндрю Сомерс "Ұлттық төлем туралы" заңға өзгерiстер енгiзу халықаралық төлем жүйесiне терiс әсерiн тигiзетiнiн айтады. Тiптi Ресейдiң ДСҰ-ға кiруiн қадағалайтын Сомерс мырза федерацияның бұл әрекетi АҚШ-та наразылық болып табылады деп отыр.

Мұндай төлемдiк жүйенiң Қазақстан нарығында да таралғанын айта кеткен жөн. Аталмыш карталардағы қаржының Еуропа айналып келетiнi iшкi экономикаға да өз зиянды жақтарын тигiзедi.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары