"ИЛЬХАМ" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРI
"ИЛЬХАМ" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРI
Биылғы марапатты "Әдебиет" аталымы бойынша бiрiншi орынды Қасымхан Бегманов, екiншi орынды Тохтахунов Молутжан иелендi. "Ғылым" аталымы бойынша бiрiншi орынды Шырәлi Қадыров, екiншi орынды Уалихан Жұмашов алды. "Халықаралық және дiнаралық татуластықты, тыныштықты нығайтуға қосқан шексiз үлесi үшiн" аталымы бойынша бiрiншi орынды Ерлан Арын алды. "Музыка" аталымы бойынша бiрiншi орынды Азатим Бурханов, екiншi орынды Хабибулла Сетеков алды. "Өнер" аталымы бойынша бiрiншi орын иегерi болмады.
Екi екiншi орын жүлдесiн: Құрманғали Қадыров және Г.Закирова мен В.Важитовалар өзара бөлiстi. "Театр" аталымы бойынша бiрiншi орынды "Шевкат шоу" театры, екiншi орынды Нұрәлiм Варисов алды. "Бiлiм беру" аталымы бойынша бiрiншi орынды Рызвангуль Ильясова, екiншi орынды Ардақ Қырықбай алды. Осы аталым бойынша тағайындалған тағы бiр екiншi орынды Шаудин Кабиров алды. "Спорт" аталымы бойынша бiрiншi орынды Рахымжан Сыдықов, екiншi екi орынды Әлик Жалилов пен Дилнур Исмаиловалар иелендi. Сонымен қатар өнер иелерi, ҚР Халық әртiстерi Гульвира Розиева мен Роза Рымбаевалар "Ильхам" сыйлығының ең жоғары наградаларымен марапатталды.
Ильхам сыйлығы Қазақстанның ғылым мен шығармашылық және кәсiптiк саласында тер төгiп жүрген озаттарға он жылдан берi тұрақты берiлiп келедi. Алғашқыда ұйғыр халқының озық тұлғаларына берiлген бұл сыйлық келе-келе ұлтаралық мәртебеге ие болып, елiмiздегi жүздеген ұлттар мен ұлыстардың өзге де өкiлдерiне тағайындалып жүр. Осылайша "Ильхам" сыйлығы тәуелсiз Қазақстанның ынтымағы мен бiрлiгiнiң символына айналып отыр.
Алғашқы жылдары "Ильхам" сыйлығы бес аталым: театр, бiлiм мен ғылым, музыка, өнер және әдебиет саласы бойынша берiлдi. Қоғамдық ұйымдардың талап-тiлектерiне сәйкес соңғы кездерi спорт, ғылым және бейбiтшiлiк пен ұлтаралық ынтымақтастық аталымдары қосылды.
Биылға дейiн "Ильхам" сыйлығын елiмiздiң 65 өнер мен ғылым саласының тұлғалары жеңiп алды.
"Ильхам" сыйлығын тағайындаған – "Өнеркәсiпшiлер, кәсiпкерлер және ауылшаруашылық жұмысшыларының қауымдастығы" республикалық қоғамдық қоры. Қор жанынан меценаттар клубы ұйымдастырылды. Оның құрылуына "Бент" акционерлiк қоғамы мен аталмыш қауымдастықтың президентi Дiлмұрат Кузиев мырза мұрындық болған едi. Ол – сонымен қатар меценаттар клубының да төрағасы.
"Ильхам" сыйлығының он жылдық мерейтойы Алматыдағы Ұйғыр театрында өттi. "Ильхам" сыйлығын дайындаған меценаттар клубы мен аталмыш қордың игiлiктi iстерi жайында айтты. Салтанатта ҚР Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң құттықтау хатын Мәдениет комитетi төрағасының орынбасары Роза Кәрiпжанова оқыды.
"Түркiстан-ақпарат"