ҮЗДIК МЕКЕМЕ

ҮЗДIК МЕКЕМЕ

ҮЗДIК МЕКЕМЕ
ашық дереккөзі
288

Оңтүстiк Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргiн құрбандарының мұражайы саяси қуғынға ұшырағандар мен ел тәуелсiздiгi жолында күрескен Алаш қайраткерлерiнiң, мемлекет және қоғам тұлғаларының өмiр жолы мен саяси қызметтерiн бүгiнгi ұрпаққа, көпшiлiк қауымға жеткiзiп насихаттап отырады.

Сондай-ақ, мұражайда жыл сайын жазықсыз қуғын-сүргiнге ұшырап, ату жазасына кесiлген азаматтардың туылған күндерiне орай iс-шаралар өткiзедi. Өткен жылы "Ақ жол", "Солтүстiк Қазақстан" газетiнiң редакторы Үсенов Сейiлбектiң 105 жылдығы, Алаш партиясының негiзiн қалаушылардың бiрi Байзақов Мәуленқұлдың 110 жылдығы, Оңтүстiк өлкелiк прокуратурасының негiзiн қалаушылардың бiрi Апбас Қаламбаевтың 110 жылдығы, Қызылқұм, Арыс аудандық комитетiнiң хатшысы Бекбауов Оспанның 105 жылдығы, Алаштың көрнектi ақыны, қоғам қайраткерi М.Дулатовтың 125 жылдығы, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткерi С.Сәдуақасовтың 110 жылдығы, Түркiстан аудандық комитетiнiң хатшысы А.Iзбановтың 105 жылдығы, Түркiстан автономиясының төрағасы, түркi тiлдес халықтардың бостандығы жолындағы күрескер М.Шоқайдың 120 жылдығына арналған iс-шараға жоғарғы оқу орындарының студенттерi мен тарихшылар, саяси қуғын-сүргiн ұрпақтары шақырылды. Мұражайдың ғылыми қызметкерлерi облыс аудандарына, елдi мекендерге iс-сапарға шығып, қуғын-сүргiн саясаты зардаптары туралы баяндамалар жасап, бейнефильмдер көрсеттi.

Жыл соңында мұражай ұжымы облысы әкiмдiгiнiң облыстың мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшiн, Облыстық саяси қуғын-сүргiн құрбандарының мұражайы "Үздiк мәдениет және өнер мекемесi" номинациясына ие болды.

Гүлнұр БЕКБЕНБЕТ

Серіктес жаңалықтары