ЖАУЫНГЕР АРУЛАР ҺӘМ ЖАҚСЫ ТIЛЕК

ЖАУЫНГЕР АРУЛАР ҺӘМ ЖАҚСЫ ТIЛЕК

ЖАУЫНГЕР АРУЛАР ҺӘМ ЖАҚСЫ ТIЛЕК
ашық дереккөзі
326

Халықаралық әйелдер күнi мейрамы қарсаңында Қорғаныс министрлiгiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi Әдiлбек Жақсыбеков бiр топ жауынгер аруларды қабылдады.

Аруларды мерекелерiмен құттықтай келе, қорғаныс ведомствосының басшысы оларға зор денсаулық, отбасылық табыс, бақытты өмiр, жаңа табыстар және көтерiңкi көңiл-күй тiледi.

Бiздiң елде әйел атауы тек өмiр сыйлайтын ана ғана емес, сонымен қатар "Отан", "Атамекен" тәрiздi қасиеттi ұғымдармен сабақтасып жатыр. Ғасырлар бойында әйел баланы патриот болуға баулыды, азаматтарды қайталанбас ерлiкке бастады.

– Бүгiнгi таңда әскер сапында 8 мың әйел бар. Көптеген аруларымыз жауынгерлiк әзiрлiктi айқындайтын жауапты қызметте, – деп атап өттi Қорғаныс министрi. – Әйел-десантшылардың ерлермен қатар парашютпен секiруi немесе нысананы алғашқы оқпен көздеген әйел-мергендердiң қызметi баршаға үлгi.

Погон таққандардың әйелдерге деген ықыласы айрықша. Ол – Ана, отбасының ырысы, сонымен қатар өмiрiн әскери қызметпен сабақтастырып, оның ауыртпалығы мен қызығын ерлермен қатар бөлiседi.

Салтанатты шараның соңында Әдiлбек Жақсыбеков қазақ аруларының арқасында әскери ұжымдарда iзгiлiк, мейiрiм мен сыйластық орнайды деп атап өттi.

Оксана Парпура

Серіктес жаңалықтары