ҒАЛЫМҒА АРНАЛҒАН КIТАП
ҒАЛЫМҒА АРНАЛҒАН КIТАП
Қазақ журналистикасын зерттеп, оның жеке ғылым ретiнде қалыптасуына мол еңбек сiңiрген белгiлi ұстаз Хайыржан Бекхожиннiң туылғанына – биыл 100 жыл. Ғалымның мерейтойына орай, өткен аптада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнде "Хайыржан Бекхожин" атты кiтаптың тұсауы кесiлдi.
Хайыржан Бекхожин 1942 жылы ҚазҰУ-дiң журналистика бөлiмiн тәмамдап, "Большевиктiк жол" газетiнде редактор қызметiн атқарды. Ұлттық баспасөзiмiздiң тарихы бойынша тұңғыш кандидаттық және докторлық диссертация жазды. ХIХ ғасырдың басында жарық көрген тұңғыш журнал "Айқап" туралы Хайыржан Бекхожиннiң зерттеу еңбегi – ғылымға қосылған үлкен үлес. "Жаңа кiтапта қазақ журналистикасының тарихы егжей-тегжейлi зерттелген. Бұл туынды әсiресе жас жорналшылар үшiн баға жетпес дүние", – дейдi тұсаукесерге келген ғалымдар.
Едiге БЕКТАС