“ШЕВРОН” ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫН IЗДЕСТIРУДЕ

“ШЕВРОН” ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫН IЗДЕСТIРУДЕ

“ШЕВРОН” ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖОЛДАРЫН IЗДЕСТIРУДЕ
ашық дереккөзі
430

Сейсенбiде "Шеврон" компаниясы мен "ҚР Инженер-энергетиктер одағы" энергияны үнемдеу мен энергияның балама көздерi жобалары бойынша байқаудың нәтижелерiн жариялады. Аталмыш байқауға оқушылар, студенттер, жас мамандар қатысып, халық тұрмысын жақсарту мақсатында тың жобаларды ұсынды.

Энергияны үнемдеу бағдарламасын енгiзу, энергия ресурстарын тиiмдi пайдалану жолдарын арттыру арқылы жас мамандарды энергетикалық және экологиялық мәселелердi шешуге жұмылдыру негiзгi мақсат. Биыл байқауға 42 жұмыс ұсынылды. Жобаларды бағалаған мамандардың айтуынша, алдыңғы жылдарға қарағанда жұмыс сапасы мен нәтижелерi анағұрлым жақсарған. "Әлемдегi жетекшi бiрiктiрiлген энергетикалық компаниялардың бiрi бола тұрып, "Шеврон" энергия тиiмдiлiгi саласындағы техникалық шешiмдердi дайындауға айрықша назар аударады. Бұл байқау алғаш рет 2008 жылы ұйымдастырылды. Кейбiр жобалар енгiзiлiп, iс жүзiнде қолданылатын болады деп үмiттенемiз", – дедi "Шеврон" компаниясының Қазақстандағы өкiлдiгiнiң басшысы Замиа Қанапиянова.

Байқауға қатысушылардың жас шамасы ескерiлiп, "Орта мектеп оқушылары", "Жоғарғы бiлiм беру орындарының студенттерi", "Жас мамандар", "Жас ғалымдар" номинациялары бойынша жарыс жүрдi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары