ҚУАҢШЫЛЫҚҚА БӨЛIНГЕН ҚАРЖЫ
ҚУАҢШЫЛЫҚҚА БӨЛIНГЕН ҚАРЖЫ
Қытай республикасы қуаңшылықпен күресуге 1 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат құйып отыр. Өткен жылғы Янцзы өзенiндегi Үш шатқал су қоймасын бұза жаздаған тасқынның әсерi ұзаққа бармаса керек. 60 жылда бiр болатын қуаңшылық салдарын жою үшiн қыруар қаржы жұмсайын деп отыр.
Қытайдың күретамыры саналатын қос өзен – Хуанхэ мен Янцзы бүкiл қытай халқының анасы болып саналады. Алайда алып территорияны жарып өтетiн өзендердiң суы жергiлiктi халық шаруашылығына жеткiлiксiз көрiнедi. Оның үстiне күн санап экономикасы дамыған Қытайдың ауыз су тапшылығы былай тұрсын, суармалы жерлерге пайдаланатын суы да жоқтың қасы.
Астық өндiрушi негiзгi сегiз провинцияға қуаңшылық салдары қатты әсер еттi. Осы елдi мекендер бiрiгiп, Қытайда күздiк бидайдың 80 пайызын өндiрген. Ресми статистикаға сүйенсек, Қытайда 2,75 миллионға жуық адам және 2,79 миллион мал басы су тапшылығын көрiп отыр.
Өткенде Қытай ауыл шаруашылығы министрлiгi елдiң сегiз провинциясында құрғақшылық салдарынан қыстық астық салынатын 7,8 млн. гектар жер зардап шеккен дедi. Сондықтан соңғы кезде Қытайда астық бағасы едәуiр қымбаттаған. 2011 жылдың қаңтар айында елдегi ұн бағасы 8 пайыздан астам қымбаттады. ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мен Премьер-министр Вэнь Цзябао зардап шеккен аудандарға барып, қуаңшылық салдарын бiрлесiп жоюға шақырды.
Ақниет ОСПАНБАЙ