ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДIҢ ТАҒДЫРЫ ТОЛҒАНДЫРАДЫ

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДIҢ ТАҒДЫРЫ ТОЛҒАНДЫРАДЫ

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДIҢ ТАҒДЫРЫ ТОЛҒАНДЫРАДЫ
ашық дереккөзі
259

Елбасының Қытай елiне сапары

Елбасының аспан асты елiне сапары ақпан айының 21-де басталды. Осы жолғы сапарда екi ел басшылары аса маңызды жетi құжатқа қол қойды. Оның iшiнде елiмiз тарапынан ұдайы көтерiлiп келе жатқан трансшекаралық өзендердiң де мәселесi бар.

Бiр миллиардтан астам халқы бар Қытай елi – әлемдегi экономикасы қарқынды дамыған қуатты мемлекеттердiң бiрi. Бүгiнде Қазақстан елi туралы Қытайдың көзқарасы түзу. Бiр кездерi географиялық картадан Қазақстанды тани алмайтын жұртшылық, қазiр Қазақстан десе елеңдеп тұратын жағдайға жеткен. Бұл – Қазақ елiнiң халықаралық сахнада өзiне тиесiлi орынға ие болғанын бiлдiретiн жайт. Жыл санап алып державалармен терезесi тең жағдайда келiссөздер жүргiзiп, мәмiле жасап үйренген Қазақстан осы жолы бұл ресми сапарға зор мән бергенi аңғарылады. Қытай басшылығы көршi Қазақстан делегациясын құшақ жая қарсы алды.

Бейжiңнiң "Шоуду" халықаралық әуежайында Қазақстан президентiн осы елдiң Сыртқы iстер министрi Ян Цзечи мырза мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшiсi Чжоу Ли және Қытайдағы қазақ елшiсi Икрам Адырбеков күтiп алды. Елбасы бастаған қазақстандық делегация құрамында Мемлекеттiк хатшы – Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаев, Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары Өмiрзақ Шөкеев, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келiмбетов, Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық мәселелер жөнiндегi көмекшiсi Нұрлан Ермекбаев, Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы елшiсi Икрам Адырбеков, Бас прокурор Қайрат Мәми, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Нұртай Әбiқаев, Қазақстан Республикасы Президентiнiң экономика мәселелерi жөнiндегi көмекшiсi Бақыт Сұлтанов, Қорғаныс министрi Әдiлбек Жақсыбеков, Қоршаған ортаны қорғау министрi Нұрғали Әшiмов, Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, Қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев бар.

Аталмыш сапар аясында Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездестi. Қытай басшысы Елбасымен бейресми жағдайда да, ресми үстел басында да емен-жарқын сұхбат құрды. Ел басшысы Халық өкiлдерi Бүкiлқытайлық жиналысы Тұрақты комитетiнiң Төрағасы У Бангомен және Мемлекеттiк кеңестiң Премьерi Вэнь Цзябаомен кездесу өткiзудi жоспарлаған болатын.

"Бiз Еуразия құрлығындағы геосаяси мәселе тұрғысынан ғана емес, стратегиялық әрiптесiмiз ретiнде ҚХР-мен қатынастарымызға айрықша мән беремiз. Бiздiң алыс-берiсiмiз соңғы он жылда он үш есеге өскенi тек көңiл қуантады", – дедi Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы уақытта елдi алаңдатып отырған мәселенiң бiрi – шекарааралық өзендердiң жайы болатын. Бұл жолғы сапар барысында аталмыш мәселе бойынша екi елдiң табиғатты қорғау министрлерi қол қойған құжат бұл мәселеге тоқтау болатынына сенiм мол.

Сонымен бiрге, Елбасы Астана мен Алматының арасында салынатын жоғары жылдамдықты темiр жол құрылысының беташарына қатысты. "Қазақстан темiр жолы" ҰҚ презиентi Асқар Мәминнiң айтуынша, аталмыш темiр жолдың жалпы ұзындығы бiр елу мың шақырымды құрайтын көрiнедi. Бұл жолмен пойыздар сағатына 350 жылдамдықпен жүретiн болса, Астанадан Алматыға небәрi төрт сағаттың iшiнде жетуге болады екен.

Сапар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қытай кәсiпкерлерiмен де кездестi. "Қазiр бiз 2020 жылға дейiнгi индустриялды инновациялық бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Алғашқы бес жылдығы биыл басталады. Осыған байланысты бiздiң шикiзаттық емес саладағы ынтымақтастығымыз өте маңызды" дедi ел басшысы.

Президенттiң Қытайдағы сапары кеше де өз жалғасын тапты.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары