АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ ТУРАЛЫ КIТАП

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ ТУРАЛЫ КIТАП

АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫ ҰЛЫ ТУРАЛЫ КIТАП
ашық дереккөзі
248

Жақында "Өлке" баспасынан "Алашұлы" атты естелiк кiтап мың дана таралыммен жарық көрдi. Онда күнi кеше дүниеден озған көрнектi әдебиеттанушы ғалым, жазушы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының толық мүшесi, Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың азаматтық тұлғасы мен ғылыми жолы сараланады.

Кiтап үш бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмде қазанамалар, қоштасу сөздер жинақталған. Ал екiншi бөлiмге ұлағатты ұстаз туралы бұрын-соңды жазылған естелiктер топтастырылған. ҚР Мәдениет министрi Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң, жазушылар Сұлтан Оразалының, Қоғабай Сәрсекеевтiң, Жұмабай Шаштайұлының, Әшiрбек Көпiштiң, филология ғылымдарының докторлары: Құныпия Алпысбаевтың, Тұрсын Жұртбайдың, Дандай Ысқақұлының, Арап Еспенбетовтың, Мәуен Хамзиннiң, Темiрғали Есембековтiң, Өмiрхан Әбдиманұлының, Зинол-Қабден Бисенғалидың, Рақымжан Тұрысбектiң, Айтмұхамбет Тұрышевтiң, Гүлнар Елеукенованың және тағы басқа бiр топ ғылым кандидаттары мен Түркияның Муғла университетiнiң доцент-докторы Али Аббас Чынардың авторлығымен жарияланған бұл естелiктерден оқырман Рымғали Нұрғалидың азаматтық, ғалымдық, ұстаздық тұлғасын толығырақ көре алады.

Үшiншi бөлiмде ақын Есенбай Дүйсенбайұлы бастаған бiр топ ақынның ғалымға арнаған өлеңдерi топтастырылған.

Кiтап ғалым-ұстаздың әр кездегi суреттерiмен безендiрiлген.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары