БӘЙГЕ, БӘЙГЕ, БӘЙГЕ!

БӘЙГЕ, БӘЙГЕ, БӘЙГЕ!

БӘЙГЕ, БӘЙГЕ, БӘЙГЕ!
ашық дереккөзі
235

"ZHERSU" корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағы бiрiгiп, балаларға арналған әдеби шығармаларға алтыншы рет дәстүрлi "Дарабоз" халықаралық бәйгесiн жариялайды.

Бәйгеге балабақша тәрбиеленушiлерiне, 1-8 сынып оқушыларына арнап жазылған прозалық, поэзиялық және шағын сахналық қойылымдар қабылданады. Шығармалар көлемi: повестер – 20-25 бет, әңгiмелер, ертегiлер – 10 бет, топтама өлеңдер, ертегi-өлеңдер, балладалар, шағын поэмалар, сахналық қойылымдар – 5-10 беттен аспауы шарт. Бәйгеге тек бiр ғана шығарма (топтама өлеңдерден, балабақша бүлдiршiндерiне арналған қысқа әңгiмелерден басқасы) жiберiлуi тиiс.

Бәйгеге ұсынылатын шығармалардың компьютерлiк стандартқа сай 14 кегiлмен (аралық 1,5) терiлiп, үш дана болып басылып, дұрыс беттелуiне қатаң талап қойылады. Бұл шарттар сақталмаған туындылар қазылар алқасының талқысына жiберiлмейдi. Бұрын жарық көрген немесе бәйге уақытында басылымдарда жарияланған және көрсетiлген мерзiмнен кешiккен шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды.

Шығармалар 2011 жылдың 10 сәуiрiне дейiн қабылданып, бәйге қорытындысы Халықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында шығарылады. Жүлде алған шығармалар өткен жылғыдай екi тiлде (қазақ, орыс) кiтап болып шығып, әдеттегiдей республика мектептерiне тегiн таратылады.

Бәйгеге жазушылармен қатар жас талапкерлердiң де, шетелдегi қаламгер қандастарымыздың да (бүгiнгi қазақ әлiпбиiмен (кириллицамен) жазылуы мiндеттi) қатысуына болады.

Биылғы сыйақы көлемi екi есеге өскен себептi, қойылар талаптың да қатаятынын ескерте отырып, тағайындалған бәйге мөлшерiн назарларыңызға ұсынамыз:

Бас бәйге – 700 мың теңге;

Бiрiншi бәйге (екеу) – 340 мың теңгеден;

Екiншi бәйге (екеу) – 160 мың теңгелен;

Үшiншi бәйге (үшеу) – 100 мың теңгеден;

Ынталандыру бәйгесi (төртеу) – 72 мың теңгеден.

Ескерту: жабық бәйге болуы себептi, автордың бүркеншiк атының (псевдонимiнiң) анықтамасы, аты-жөнi, мекен-жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кiшi конвертке салынып, желiмделiп, оның бетiне автордың тек бүркеншiк аты ғана жазылады. Бұдан бұрынғы "Дарабоз" бәйгесiне қатысқандағыдай, өз мекен-жай, аты-жөндерiңiздi кiшi конверттiң сыртына жазып қойып жүрмеңiздер. Пошта бөлiмшелерi тарапынан кездесер қиындықтарды да жақсы бiлемiз. Сол себептi үлкен конверт сыртындағы аты-жөнi деген жерге бүркеншiк атты (псевдонимдi) немесе басқа бiр лақап атты жаза салуға да болады.

Мекен-жайымыз: 050063, Алматы қаласы,

"Дарабоз" бәйгесiне: №010057505 куәлiк иесiне,

Ұйымдастыру комиссиясына.

Серіктес жаңалықтары