“СӘЛЕМ, АЗИАДА!”

“СӘЛЕМ, АЗИАДА!”

“СӘЛЕМ, АЗИАДА!”
ашық дереккөзі
237

Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы зағип және нашар көретiн балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында "Сәлем, Азиада" атты VII Қысқы Азия ойындарына арналған iс-шара балып өттi.

Iс-шараның мақсаты – оқушыларға қысқы ойындарды, дәлiрек айтсақ, Азиаданы насихаттау, дәрiптеу.

Оқушылар арасында интеллектуалды хоккей ойыны өттi. Аталмыш интеллектуалды хоккей ойынының шарттары мен барысы ерекше екенiн айта кету керек. Ойынға қатысушылар тоғыз-тоғыздан "Барыс" және "Арлан" топтарына бөлiнiп, әр топ өз бiлiмдерiмен бiр-бiрiнен оза түсудi мақсат еттi. Ойын барысында тарих, құқық, жаратылыстану пәндерi, әдебиет һәм олимпиада тарихынан сұрақтар қойылып, лайықты жауаптар естiлдi.

Ал топ жетекшiлерiне келер болсақ, олар үйден "Азида-2011" тақырыбына эссе дайындап келiп, ортаға салды.

Бұл кезде екi топтың жанкүйерлерi де қарап отырмай, қошеметтеп өз топтарының рухтарын көтере түстi. Тiптi арнайы дайындалған жанкүйерлер өз топтарына қолдау ретiнде би композициялары мен әндердi көпшiлiк қауымға ұсынған болатын.

Екi топ та бiлiмдерi жағынан тең түстi.

Бұдан соң жас суретшiлер арасында VII Қысқы Азия ойындарына арналған сурет көрмесi өттi. Осы көрмеге жетекшiлiк еткен бейнелеу өнерi пәнiнiң мұғалiмi – М.Мукушева. Көрмеге қатысқан суреттердiң барлығы дерлiк "Азиада-2011" тақырыбына арналған. Сол суреттердiң iшiндегi ең үздiктерi – 7 "Г" сынып оқушысы Шалқар Бекарыстың "Алға, Қазақстан", Аспандияров Бахтиярдың "Жеңiмпаздар", Қалдыбаева Жадыраның "Қысқы ойындар" деген туындылары.

Сол күнi "Қысқы Азиада" атты эстафета болып өттi. Эстафетаның өтуiне дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмдерi Г. Абденалиева, Д. Машуев, Б. Мирхамидов ықпал еттi. Эстафета барысында оқушылар бақтарын спорттың жетi түрi бойынша сынады: биiктiкке секiру, қашықтыққа секiру, 100 және 150 метрге жүгiру, гимнастикалық керегеге өрмелеу, нысанаға жебе ату, арқан тарту, үлкен шарда секiре отырып, жарысу. Басқалардан оқ бойы озып шыққан 20 оқушы арнайы дайындалған сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Думан СМАҚОВ, № 4 арнайы мектеп-интернатының

9 "Г" сынып оқушысы

Серіктес жаңалықтары