СПОРТҚА БАУЛУ – БАЛА ЖАСТАН

СПОРТҚА БАУЛУ – БАЛА ЖАСТАН

СПОРТҚА БАУЛУ – БАЛА ЖАСТАН
ашық дереккөзі
239

Жанкүйер дайындау керек пе?

Қысқы Азиада ойындары қарсаңында жас жанкүйерлер де қарап қалмады. Қазақтың намысы үшiн сайысқа түскен спортшыларды демеу мақсатында оқушылар ойындарды өздерi де бастап кеткен.

Туберкулезден айыққан және бәсеңдеу түрiне шалдыққан балалар оқитын Алматы санаторлық үлгiдегi №15 мектеп-интернатта балалар Азиадаға атсалысып, спорттық шараларға қатысты. Атаулы мектептiң директоры Динара Мұстағұлова оқушылар үшiн салауатты өмiр салтын қалыптастыру үшiн де ұйымдастырылған болатын дейдi.

– Спортқа баулу, Азиаданың маңызын түсiндiру басты мақсат болды. Елiмiзде өтiп жатқан мұндай ауқымды шараны назардан тыс қалдыруға болмайды. Балалар мемлекеттiң жетiстiктерi мен жеңiстерiн бiлiп отыруы керек. Сонда өздерi де атсалысып, спортқа жақын бола түседi, – дейдi ол. Расында, жас бүлдiршiндер қысқы спорт түрлерiн жатқа айтып, шаңғы мен коньки спортының жат еместiгiн дәлелдедi.

Серіктес жаңалықтары