ЖУРНАЛИСТЕРДIҢ ҰСТАЗЫ – ҮЗДIК ОҚЫТУШЫ!

ЖУРНАЛИСТЕРДIҢ ҰСТАЗЫ – ҮЗДIК ОҚЫТУШЫ!

ЖУРНАЛИСТЕРДIҢ ҰСТАЗЫ – ҮЗДIК ОҚЫТУШЫ!
ашық дереккөзі
147

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет етiп жүрген талай майталман журналистердi қанаттандырып ұшырған журналистика факультетiнiң профессоры, фантаст-жазушы Абдул-Хамид Мархабаев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң үздiк оқытушысы және ҚР Жоғары оқу орындарының үздiк оқытушысы атанды. Бұл – 40 жылдан астам уақыттан берi журналистика ғылымына өлшеусiз үлес қосып келген бiлiктi ұстаз еңбегiнiң жанғаны емес пе?!

Абдул-Хамид Мархабаев көпшiлiк оқырманға фантастикалық сарындағы кең тынысты шығармаларымен таныс. Оның "Әлемдiк фантастика жауһарлары" атты аудармасы да бiр төбе. Бiз де газетiмiздiң тұрақты авторы, қасиеттi қара шаңырақтың мерейiн өсiрген тәлiмгер-ұстаз Абдул-Хамит Мархабаевты үздiк оқытушы атануымен құттықтаймыз!

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары