ТЕЛЕРАДИОТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТЕЛЕРАДИОТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТЕЛЕРАДИОТАРАТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
471

Кеше Алматыда Халықаралық телерадиотарату орталығының салтанатты ашылу рәсiмi болып өттi. 2011 жылғы VII Қысқы Азиада ойындарын бүкiл әлемге трансляциялауға арналған орталықтың жұмысы iске қосылып отыр.

Басты халықаралық операциялық базаға айналған орталық Азиада ойындарының барлық сайыстарын қамтиды. Жер жүзiнiң кез кез келген нүктесiнен тiкелей эфирмен ойындарды тамашалап, ашылу және жабылу рәсiмдерiн де көгiлдiр экраннан көру мүмкiндiгi туып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, теле және радио таратудың нәтижесiнде жанкүйерлер ойындарға куә болумен қатар, Алматы және Астана қалаларының спорттық нысандарын және көрiктi жерлердi көре алады.

Ал Азиаданың жалындаған алауы кеше Алматы облысына да жеттi. Талдықорған қаласын аралайтын алаудың келесi бағыты – Қарағанды қаласы.

А.Бейiмбет

Серіктес жаңалықтары