ӨҢIРДI КӨРКЕЙТУГЕ — 717,3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

ӨҢIРДI КӨРКЕЙТУГЕ — 717,3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

ӨҢIРДI КӨРКЕЙТУГЕ — 717,3 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ
ашық дереккөзі
422

Жуырда Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы (ENRC) мен Қарағанды облысының әкiмшiлiгi арасында 2011 жылға арналған әлеуметтiк жобаларды iске асыру бойынша екi жақты әрiптестiк туралы Меморандумға қол қойылды. Қарағанды облысының әкiмi Серiк Ахметов және ENRC PLS атқарушы директоры Феликс Вулис қос тараптың аймақты көркейтуге барынша дайын екендiктерiн айтуда.

Меморандумның жалпы құны 717,3 млн. теңгенi құрап отыр. Екi жақты келiсiм құжатына сәйкес 2011 жылы Қарағанды қаласында жаңа мешiт салуға 130 млн. теңге бөлiнсе, Темiртау қаласында тұңғыш Президенттiң мұражайын салу жұмыстарына 300 млн. теңге жұмсалмақ. Сондай-ақ Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының қазақстандық кәсiпорындары аймақтың мәдени, оқу-ағарту, қоғамдық ұйымдарына демеушiлiк және қайырымдылық көмек көрсету үшiн қомақты қаржы бөлiп отыр. Жыл сайын Қарағанды облысының көркеюiне атсалысып отырған корпорация Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне материалдық көмек көрсету, 2012 жылғы Олимпиадалық ойындарға спортшыларды дайындау жұмыстарын да назардан тыс қалдырмапты.

Меморандумға қол қою барысында Феликс Вулис: "ENRC – Қазақстандағы әлеуметтiк-жауапкершiлiк бизнесiн жүзеге асырушы компаниялардың көшбасшысшыларының қатарында. Корпорация бұл атағына лайық болу үшiн бар күшiн салады", — дедi. Ал облыс басшысы Серiк Ахметов: "Нұра, Жаңаарқа аудандарының, Жәйрем мен Шұбаркөл елдi мекендерi тұрғындарының тыныс-тiршiлiгi ENRC Kazakhstan бөлiмшесiнiң қызметiмен тығыз байланысты. Компанияның еңбек ұжымдарының мүшелерi мен өздерi жұмыс iстейтiн өңiрлердiң тұрғындарына деген әлеуметтiк жауапкершiлiк сезiмi де жоғары деңгейде", — дедi корпорацияға алғысын бiлдiрiп. Бұған қоса өңiр басшысы өткен жылғы Меморандумда бекiтiлген барлық шаралардың түгел орындалғанын да атап өттi. Қос тараптың келiсiмi бойынша 2010 жылы өңiрде "Сары-Арқа" тұрғын үй кешенi бой көтерiп, Қарағанды емханаларына офтальмологиялық патологиясы бар науқастар үшiн емдеу-диагностикалық шараларға арналып қаржы бөлiндi. Облыс әкiмi қол жеткiзiлген уағдаластықтар бiршама әлеуметтiк өзектi мәселелердiң шешiлуiне оң ықпал етедi деген сенiмде.

ENRC Павлодар, Қостанай, Ақтөбе облыстарымен екiжақты әрiптестiк меморандумына отырып, бiрқатар маңызы бар шараларды жүзеге асырады. Мәселен 2010 жылы елiмiздiң төрт өңiрi бойынша қол қойылған меморандумдар аясында әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға 5 млрд. теңге көлемiнде қаржы жұмсалыпты.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары