Ораз ЖАНДОСОВ: ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ

Ораз ЖАНДОСОВ: ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН ҚАШЫП ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ

Ораз ЖАНДОСОВ: ҚЫМБАТШЫЛЫҚТАН  ҚАШЫП ҚҰТЫЛМАЙСЫҢ
ашық дереккөзі
180

«Ортақ валютаға қатысты қауiп сейлiе бастаған сияқты. Бiртұтас экономикалық кеңiстiктегi ортақ валютаның таяуда келе қоймайтыны анық нәрсе», – дейдi "Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов. Ортақ валютаның аулы алыс, оған кесектей-кесектей себептер бар. Мәселен Жандосов мырзаның пайымдауынша, "ортақ валюта 4-5 жылда жасала қоймайды. Оған кем дегенде 10-15 жыл қажет. Ендi ғана тұсауын кескен бiртұтас экономикалық кеңiстiктiң құрылуы, орнығуы және дамуы ұзаққа созылады. Сондықтан тәжiрибеге де мән берген жөн. Мұндағы айтып отырғаным – еуроның қазiргi күйi мен Еуроодақтың қаржы мәселесiндегi дағдаруын ескерген жөн". Расында, сарапшыларымыз батысқа көз салар болса, еуроның бүгiнгi жағдайының мәз еместiгiн көрген болар едi.

Жалпы валюта мәселесiнде де даурығатын ештеңе жоқ. Бұл жөнiнде "Айтпарк" пiкiрталас клубының кезектi отырысында қаржыгер-сарапшы Ораз Жандосов ашып айтып бердi. Естерiңiзде болса, Ұлттық банк басшысы Григорий Марченко валюта дәлiзiнiң пайдасы туралы айта келiп, теңге тұрақтылығын осылай сақтаймыз деген едi. «Алайда теңге құнының тұрақтылығы ешқандай да дәлiзге тәуелдi емес», – дейдi Ораз Жандосов. Керiсiнше әлемдегi мұнай мен газ бағасына тiкелей байланысты. Яғни әлемдiк биржада мұнай баррелiнiң бағасы – 40 АҚШ доллары болса, девальвация мiне сонда болады. "Ол кезде дәлiз теңге құнын ұстай алмайды. Бiрақ әзiрге мұнай бағасы тұрақты болып тұр. Ендеше ешбiр қауiп жоқ", – дедi. Ал мемлекет iшiндегi жағдайларда бағаны ұстап тұру өте қиын. Қымбатшылықтан қашып құтыла алмайсың. Ендеше наурызға белгiленген дәлiз ауқымын кеңейту кезiнде баға көтерiледi, қазiр де ұшып тұрғаны белгiлi.

Ал соңғы кездерi дүбiрi бүкiл Қазақстанды шарпыған референдум мәселесiне өз пiкiрiн бiлдiрген Жандосов мырза: "Мен қазiр саясатпен айналысып жүрген жоқпын. Бiрақ қандай да бiр референдумға қарсымын", – дедi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары