МIРЖАҚЫП МАРКАСЫ БАСЫЛДЫ

МIРЖАҚЫП МАРКАСЫ БАСЫЛДЫ

МIРЖАҚЫП МАРКАСЫ БАСЫЛДЫ
ашық дереккөзі
175

Жаңа жыл қарсаңында Алаштың ардақты ұлы Мiржақып Дулатовтың 125 жылдық мерейтойына арналған пошта маркасы айналымға ендi.

"Есте қалатын және мерекелiк күндер" сериясымен жарық көрген маркада М.Дулатовтың суретi қойылған. Маркадағы жазушы бейнесi суретшi Данияр Мұхамеджановтың туындысы. Жалпы тиражы 3 миллион данамен шыққан марка Ұлттық банктiң банкнот фабрикасында басылды.

Тәуелсiздiкпен төл құрдас жас ұрпақ "Алаш" қайраткерлерiнiң толықтай ақталған таңына, ұлт үшiн өлшеусiз еңбегi мен ерлiгiне куә болып отыр. Кезiнде Ресейдiң белгiлi шығыстанушысы Гордлевский Мiржақыпты заман шындығының әлеуметтiк проблемаларын айқын көрсетушi деп атаған екен. Осы орайда мiржақыптанушы Сәбира Иманбаева жазушы, ағартушы-педагог Мiржақып Дулатовтың есiмiн насихаттаудағы өте игi шара деп атап өттi.

"Түркiстан-ақпарат"

Серіктес жаңалықтары