МЫСЫРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС

МЫСЫРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС

МЫСЫРДАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС
ашық дереккөзі
219

Жаңа жыл бiр елдерде бейбiт түрде аталып өтсе, кей мемлекеттерге орасан қауiп әкелген сыңайлы. Жаңа жыл түнiнде Мысырдың Александрия курортында орналасқан қасиеттiлер шiркеуiнiң алдында лаңкестiк жасалды. Шiркеу алдында жарылған бомбаның салдарынан 21 адам қаза болып, 97 адам ауыр жарақаттанған едi.

Мысырда орын алған бұл террорлық жарылыс дiни сипатта жасалды деген көзқарастар да жоқ емес. 7 қаңтар күнi Юлиан күнтiзбесi бойынша христиандар, дәлiрегiнде коптар Рождество мерекесiн атап өтедi. Мұсылмандар христиан қауымының осы мерекенi атап, ғибадат етуiне қарсы сияқты. Дәл қазiргi кезде Мысырда төтенше жағдай орын алып отыр.

31 желтоқсанда жасалған лаңкестiк әрекеттiң iзiн iле-шала, египеттiк коптар да өз мүддесiн қорғау мақсатында дүйсенбi күнi Шубра-эль-Хейма елдi мекенiнде Александриядағы лаңкестiк әрекетке қарсылығын бiлдiрдi. "Жағдай ушығып барады. Бiз өз құқықтарымызды қорғауымыз керек. Бiз азшылық емеспiз, бiз мұсылмандар сияқты Мысырдың толыққанды азаматтарымыз. Олар бiзбен санасуы тиiс" – дейдi наразылық бiлдiрушiлер. 7 қаңтарға қараған түнi египеттiк құқық қорғау органдары барлық қауiпсiздiк шараларын күшейтпекшi. Ал Мысырдың билiк өкiлдерi Александриядағы шiркеудiң алдында өткен лаңкестiк әрекетке радикалды исламистердiң қатысы бар деп отыр.

Әйгерiм БАҚЫТҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары